«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылға республикалық бюджеттен 259 маманға 1 190 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 551 маманға 168,8 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.
2022 жылдың 1 қазанға 140,2 млн. теңге 458 көтермелі жәрдемақы төленген (оның ішінде білім саласында – 351 маманға, денсаулық сақтау – 68, әлеуметтік қамсыздандыру – 1, мәдениет – 8, спорт – 13, агроөнеркәсіптік кешен – 10, мемлекеттік қызмет – 7).
Бюджеттік несие 1 075,1 млн. теңгеге 239 маманға төленген (оның ішінде білім саласында – 166 маманға, денсаулық сақтау – 50, әлеуметтік қамсыздандыру – 2, мәдениет – 6, спорт – 3, агроөнеркәсіптік кешен – 8, мемлекеттік қызмет – 4).