Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «2022–2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №7С-12-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №7С-20-3 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде №29615 болып тіркелген) негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022–2024 жылдарға арналған, оның ішінде 2022 жылға арналған облыстық бюджет келесі көлемдерде орындауға қабылдансын:
1) кірістер – 470 439 909,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 64 131 238,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 008 843,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 95 112,4 мың теңге;
трансферттер түсімі – 400 204 714,5 мың теңге;
2) шығындар – 473 593 529,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 693 197,9 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер – 10 414 890,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 721 692,1 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – -7 721,6 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 7 721,6 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 839 096,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 839 096,1 мың теңге.»;
4-тармақта:
келесі мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) 14-2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге;»;
келесі мазмұндағы 19-4) тармақшамен толықтырылсын:
«19-4) Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенін ұстауға;»;
24) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«24) 34-қосымшаға сәйкес егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бас жоспарларды, даму және құрылыс салу схемаларын әзірлеуге, инженерлік желілерді түгендеуге;»;
24-1) тармақша алынып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының 1, 2, 4, 8, 9, 14, 14-1, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25-3, 26, 27, 28, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 38, 39, 43-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 31-қосымшаларына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаулының 14-2-қосымшасымен толықтырылсын.
|
Ақмола облысының әкімі |
Е. Маржықпаев |