2022 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша орындауға қол жеткізілді.
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 107,5% (790,3 млрд. теңге), ауыл шаруашылығы - 100,6% (190,2 млрд. теңге), негізгі капиталға инвестициялар - 107,7% (280,4 млрд. теңге), құрылыс жұмыстары – 125,9% (76,3 млрд. теңге) құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 0,9%-ға (335,2 мың ш.м.) өсті.
Ағымдағы жылдың шілде айында тұтыну бағаларының индексі 112,2%-ды құрады (10 орын; ҚР бойынша - 111,7%), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 117,2% (11 орын; ҚР бойынша - 116,9%).
11 709 жаңа жұмыс орны құрылды (бір жылға арналған жоспарға 66,3%; жоспар - 17649 орын), оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 6 270 (бір жылға арналған жоспарға 59,2%; жоспар – 105 90 орын). Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% (2022 жылғы
2 тоқсанда).
Орташа жалақы 21,1%-ға 236,1 мың теңгеге дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-маусым). Халық табысының нақты өсімі 12,1% (2022 жылдың 1 тоқсанында 128,8 мың теңге) құрады.