«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2022 жылдың 1 шілдедегі ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер  әкімдері   аппараттарының  мемлекеттік  қызметшілеріне 2022 жылға республикалық бюджеттен 259 маманға 1 190 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 558 маманға 170 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.

2022 жылдың 1 шілдеге 120,1 млн. теңге 392 көтермелі жәрдемақы төленген (оның ішінде білім саласында – 308 маманға, денсаулық сақтау – 57, әлеуметтік қамсыздандыру – 1, мәдениет – 6,  спорт – 9, агроөнеркәсіптік кешен – 6, мемлекеттік қызмет – 5).

Бюджеттік несие 569,7 млн. теңгеге 127 маманға төленген (оның ішінде білім саласында – 87 маманға, денсаулық сақтау – 31, мәдениет – 3,  спорт – 1, агроөнеркәсіптік кешен – 3, мемлекеттік қызмет – 2).

 

Дата публикации
04 июля 2022