«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2022 жылдың 1 сәуірдегі ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер  әкімдері   аппараттарының  мемлекеттік  қызметшілеріне 2022 жылға республикалық бюджеттен 259 маманға 1 190 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 558 маманға 170 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.

2022 жылдың 1 сәуірге 40,1 млн. теңге 131 көтермелі жәрдемақы төленген (оның ішінде білім беру саласында – 97 маман, денсаулық сақтау – 21 маман, мәдениет – 2 маман,  спорт – 6 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 2 маман, мемлекеттік қызметші – 3 маман.).

Бюджеттік несиенің төленуі мамыр айынан жоспарланған.

 

Дата публикации
01 апреля 2022