«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанға ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер  әкімдері   аппараттарының  мемлекеттік  қызметшілеріне 2021 жылға республикалық бюджеттен 339 маманға 1 483,6 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 688 маманға 341,9 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.

2021 жылдың 31 желтоқсанға 341,5 млн. теңге 688 көтермелі жәрдемақы төленген (оның ішінде білім беру саласында – 476 маман, денсаулық сақтау – 157 маман, әлеуметтік қамсыздандыру – 3 маман, мәдениет – 24 маман,  спорт – 9 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 13 маман, мемлекеттік қызметші – 6 маман.).

Бюджеттік несие 1 483,0 млн. теңге 345 маманға төленді (оның ішінде білім беру саласында – 244 маман, денсаулық сақтау – 74 маман, әлеуметтік қамсыздандыру – 1 маман, мәдениет – 6 маман,  спорт – 4 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 12 маман, мемлекеттік қызметші – 4 маман.).

        

Дата публикации
14 января 2022