«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2021 жылдың 1 шілдеге ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2021 жылға республикалық бюджеттен 339 маманға
1 483,6 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 616 маманға                179,8 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы бөлінген.

2021 жылдың 1 шілдеге 128,1 млн. теңге 439 көтермелі жәрдемақы төленген (оның ішінде білім беру саласында – 308 маман, денсаулық сақтау – 103 маман, әлеуметтік қамсыздандыру – 3 маман, мәдениет – 14 маман,  спорт – 3 маман, агроөнеркәсіптік кешен –  маман, мемлекеттік қызметші – 1 маман.).

Бюджеттік несие 788 млн. теңге 184 маманға төленді (оның ішінде білім беру саласында – 132 маман, денсаулық сақтау – 36 маман, мәдениет – 4 маман,  спорт – 3 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 8 маман, мемлекеттік қызметші – 1 маман.).

Дата публикации
08 июля 2021