Президентом Казахстана 29 июня 2020 года подписан Административный процедурно-процессуальный кодекс (далее – «АППК») и соответствующий закон о внесении изменений и дополнений в законодательные акты.
С 1 июля 2021 года введен в действие АППК, он состоит из двух частей: административные процедуры и административное судопроизводство, в связи с этим уже с 1 июля 2021 года силу утрачивают законы «Об административных процедурах» и «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц», также прекратит свое действие ряд норм Гражданского процессуального кодекса и нормы других кодексов и законов связанные с введением административной юстиции.
Кодекс направлен на регулирование общественных отношений, которые связаны с административными процедурами и специальным судопроизводством по разрешению споров в области публичных правоотношений.
Новый кодекс призван повысить эффективность защиты прав граждан и юридических лиц при рассмотрении споров с органами власти в вышестоящем органе и суде.
Таким образом, Кодекс, по идее его создателей, должен внести существенные изменения в правоприменительную практику в спорах с государством.
Основной целью Кодекса является защита прав и законных интересов граждан.
В Кодексе, в отличие от действующего в настоящее время Закона «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц», более четко регламентированы все этапы процесса рассмотрения обращения с момента его поступления в государственный орган до направления ответа заявителю, а также вся процедура обжалования.
Одним из новшеств, является то, что теперь заявитель имеет право участвовать в каждом этапе рассмотрения его обращения, в том числе и в принятии окончательного решения.
Рассмотрение сообщений, предложений, откликов и запросов осуществляется в порядке упрощенной административной процедуры.
По итогам рассмотрения административного дела в упрощенной административной процедуре выносится одно из следующих решений о:
1) предоставлении ответа, в том числе информации, по существу сообщения, предложения, отклика, запроса;
2) принятии к сведению;
3) прекращении упрощенной административной процедуры.
Руководители государственных органов, органов местного самоуправления и их заместители обязаны проводить личный прием граждан и представителей юридических лиц, в том числе работников этих органов, не реже одного раза в месяц.
Участник административной процедуры вправе обжаловать административный акт, административное действие (бездействие), не связанное с принятием административного акта, в административном (досудебном) порядке.
При этом срок рассмотрения обращений в рамках административных процедур будет сокращен до 15 рабочих дней (с возможностью продления по объективным причинам не более, чем на 2 месяца), в отличие от действующего законодательства – 30 календарных дней.
Жалоба подается в административный орган, должностному лицу, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются.
Административный орган, должностное лицо, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются, не позднее трёх рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.
При этом административный орган, должностное лицо, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трёх рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе. Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.
Жалоба на административный акт, административное действие (бездействие) подается в административный орган, должностному лицу не позднее трех месяцев со дня, когда участнику административной процедуры стало известно о принятии административного акта или совершении административного действия (бездействия).
Срок рассмотрения жалобы составляет двадцать рабочих дней со дня поступления жалобы.
Рассмотрев жалобу, орган, рассматривающий жалобу, выносит одно из следующих решений:
1) об отмене административного акта;
2) об отмене административного акта и принятии нового административного акта;
3) о совершении административного действия;
4) об оставлении жалобы без удовлетворения;
5) о направлении административного дела в административный орган, должностному лицу, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются, для осуществления административной процедуры с указанием допущенных нарушений и предложениями по их устранению;
6) об оставлении жалобы без рассмотрения.
В отличие от Закона «Об административных процедурах», в новом кодексе регламентируется разрешение споров в порядке административной юстиции, то есть предусмотрена процедура рассмотрения обращений не только административным органом или должностным лицом и обжалования в вышестоящие административные органы, но и последующее рассмотрение жалоб государственными судами (административное судопроизводство).
Следовательно, внедрение административной юстиции должно стать важным шагом в развитии правового государства нашей республики и поднимет на более высокий уровень эффективность защиты конституционных прав казахстанских граждан.
Қазақстан Президенті 2020 жылғы 29 маусымда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске (бұдан әрі – ӘРПК) және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті заңға қол қойды.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу екі бөліктен тұрады, осыған байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар күшін жояды, сондай-ақ Азаматтық іс жүргізу кодексінің бірқатар нормалары мен әкімшілік әділет енгізуге байланысты басқа да кодекстер мен заңдардың нормалары өз қолданысын тоқтатады.
Кодекс әкімшілік рәсімдер және жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу жөніндегі арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Жаңа кодекс жоғары тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Осылайша, Кодекс, оны жасаушылардың идеясы бойынша, мемлекетпен даулар кезінде құқық қолдану тәжірибесіне айтарлықтай өзгерістер енгізуі тиіс.
Кодекстің негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Кодексте, қазіргі уақытта қолданылып жүрген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңға қарағанда, өтінішті мемлекеттік органға келіп түскен сәттен бастап өтініш берушіге жауап жолдағанға дейінгі оны қарастыру процесінің барлық кезеңдері, сондай-ақ шағымданудың барлық рәсімі неғұрлым нақты регламенттелген.
Жаңашылдықтардың бірі – енді өтініш берушінің оның өтінішін қарастырудың әрбір кезеңіне, оның ішінде түпкілікті шешім қабылдауға қатысуға құқығы бар.
Хабарламаларды, ұсыныстарды, пікірлерді және сұрау салуларды қарастыру оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.
Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарастыру қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірі шығарылады:
1) хабарламаның, ұсыныстың, жауаптың, сұрау салудың мәні бойынша жауапты, оның ішінде ақпаратты ұсыну;
2) назарға алу;
3) оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте шағымдануға құқылы.
Бұл ретте әкімшілік рәсімдер шеңберінде өтініштерді қарастыру мерзімі қолданыстағы заңнамадағы 30 күнтізбелік күнге қарағанда (объективті себептер бойынша 2 айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен)
15 жұмыс күніне дейін қысқартылатын болады.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған акімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарастыратын органға жолдайды.
Бұл ретте әкімшілік актісі, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.
Шағымды қарастыру мерзімі шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Шағымды қарастырып, шағымды қарастыратын орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) әкімшілік актінің күшін жою туралы;
2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
3) әкімшілік әрекеттің жасалғаны туралы;
4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
5) әкімшілік істі әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалып отырған лауазымды адамға жіберілген бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіле отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды;
6) шағымды қарастырусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңнан айырмашылығы, жаңа кодексте дауларды әкімшілік әділет тәртібімен шешу регламенттеледі, яғни өтініштерді әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның ғана емес, жоғары тұрған әкімшілік органдарға шағым жасау рәсімі де, сондай-ақ шағымдарды мемлекеттік соттардың кейіннен қарастыруы (әкімшілік сот ісін жүргізу) көзделген.
Демек, әкімшілік әділет енгізу республикамыздың құқықтық мемлекетін дамытуда маңызды қадам болуға тиіс және Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімділігін неғұрлым жоғары деңгейге көтереді.