"Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 17 желтоқсандағы № 6С-52-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 маусымдағы № 7С-4-4 шешімі

Ақмола облыстық  мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-52-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8254 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 392 174 932,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 38 675 642,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 6 034 459,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың тенге;

трансферттер түсімі – 347 464 831,3 мың теңге;

2) шығындар – 405 489 849,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік  кредиттеу – 5 905 277,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 9 597 963,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 692 686,0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -19 220 193,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                        19 220 193,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешiм 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
18 июня 2021