Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-52-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 7С-3-3 шешімі

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының     1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-52-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8254 тіркелген, 2020 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021–2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3  қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 348 756 110,7   мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 29 983 190,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 953 125,5 мың теңге;

трансферттер түсімі – 314 819 795,2  мың теңге;

2) шығындар – 352 884 137,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік  кредиттеу – 1 389 277,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 5 081 963,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 692 686,0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 517 303,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                        5 517 303,5 мың теңге.»;

 

2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«2. Облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:

1) облыстық бюджетке ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша – 100 %;

2) облыстық бюджетке төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 100 %;

3) облыстық бюджетке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша – 100 %;

4) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша – 100 %.»;

барлық  шешім мәтінінде және қосымшаларда «оралман» сөзі «қандас» сөзімен ауыстырылсын;

көрсетілген шешімнің 1, 2, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы

 

Ж. Амиржанов

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

 

М. Балпан

 

 

 

 

 

       «КЕЛІСІЛДІ»

 

       Ақмола облысының

       әкімдігі                                                      

             

 

       «Ақмола облысының

       экономика және  бюджеттік

       жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

       мекемесі

Дата публикации
10 марта 2021