«Дипломмен ауылға!» жобасының аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіп кешенінің мамандарына 2020 жылға республикалық бюджеттен 416 маманға 1 733,6 млн. теңге сомасында бюджеттік кредит және 624 маманға 173,3 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақы бөлінді.
2020 жылғы 31 желтоқсанға 1 733,6 млн. теңге сомасына 434 бюджеттік кредит берілді (оның ішінде: білім беру саласында – 341 маман, денсаулық сақтау – 72 маман, мәдениет – 13 маман, агроөнеркәсіп кешені – 5 маман, спорт – 2 маман, әлеуметтік қамту – 1 маман).
Көтерме жәрдемақы 173,3 млн. теңге сомасына 627 әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына әлеуметтік жәрдем шаралары көрсетілді (оның ішінде: білім беру – 475 маман, денсаулық сақтау – 113 маман, мәдениет – 14 маман, агроөнеркәсіп кешені – 14 маман, спорт – 9 маман, әлеуметтік қамту – 2 маман).