«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес басқарма келесi: миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеу және қайта тiркеу; Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру және дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайлардың ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастырылуын келiсу туралы шешiм беру мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрiнiң 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң жаңа Қағидалары бекiтiлдi. Мемлекеттiк қызметтер қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiледi.
Қағидаларға сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне немесе «Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүгiнуге болады.
Мемлекеттiк қызметтер қызметтi берушiнiң орналасқан жерi бойынша жеделдетiлген қызметтi көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiмен көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады. Құжаттарды www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жерiне байланысты емес. Онлайн қызметтi алу үшiн ЭЦҚ болуы қажет.
2021 жылдың басынан басқарма 8 мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның iшiнде 7 — «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу».
Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбiн түсiндiретiн қағидалар басқарманың https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din?lang сайтында орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң барлық туындаған мәселелерi бойынша Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89, каб.420 мекен-жайына немесе 8 (7162) 51-13-62 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Бессмертная Галина Васильевна,
Ақмола облысы дiн iстерi
басқармасының бас маманы