Меню

Страницы

Статья

Зайырлылық дегенiмiз не?

Зайырлылық — қазiргi Қазақстан өмiрiндегi жаңа ұғым.

Зайырлылық — бұл:

1) кез келген дiнге қатысты мемлекеттiң бейтараптығы;

2) мемлекеттiң кез келген дiннен тәуелсiздiгi, сондай-ақ дiннiң мемлекеттен тәуелсiздiгi;

3) ар-ождан және дiни сенiм бостандығы,

4) бiлiмнiң кез келген дiннен азаттығы.

Зайырлылық адамдарға түрлi дiндерге сенушiлiгi, пiкiр мен сенiмдерiнiң айырмашылығына қарамастан тату-тәттi өмiр сүруiне мүмкiндiк бередi. Сондықтан да қоғамның зайырлы болуы игiлiк пен қажеттiлiктен туындайды.

Зайырлы мемлекеттiң негiзгi белгiсi — баршаға бiрдей дiндi мiндеттемеу болып табылады.

Қазақстанның зайырлы мемлекет екендiгi Ата заңымыз — Конституцияда бекiтiлген. Бұл бiздiң мемлекетiмiзде дiни ұйымдар мемлекеттiң қызметiне араласпайды, сондай-ақ олардың өзiндiк қызмет саласына мемлекет те қол сұқпайды деген сөз.

Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге көзқарасына қарамастан заң алдында тең. Бiздiң мемлекетiмiздiң әрбiр азаматы дiнге сенушi немесе атеист болуға құқылы. Мемлекет азаматтардың дiни қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы үшiн барлық қажеттi жағдайларды жасайды.

Қазақстан Республикасы сияқты көп конфессиялы (18 конфессия) және полиэтносты мемлекетте зайырлылық — бұл барлық этностардың бейбiт қатар өмiр сүруiне, сенушiлердiң дiни сезiмдерiн құрметтеуге және төзiмдiлiкке ықпал ететiн бiрден-бiр дұрыс шешiм.

Зайырлы мемлекетте заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң дiни нанымына сiлтеме жасай отырып, өзiнiң азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуға ешкiмнiң құқығы жоқ.

Бiлiмнiң зайырлылығы.

Қазақстандағы бiлiм беру мен тәрбиелеудiң мемлекеттiк жүйесi зайырлы сипатқа ие. Ерекшелiктер — тек рухани бiлiм беру мекемелерi: семинариялар мен медреселер.

Бiлiм берудiң зайырлылығы бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде — мектептерде, жоғары оқу орындарында, колледждерде дiндi насихаттауға тыйым салынғанын бiлдiредi. Педагогикалық құрамның белгiлi бiр дiни дүниетанымды насихаттау мен мадақтауға құқығы жоқ. Сондай-ақ, мұғалiмдер оқыту және тәрбиелеу процесiнде студенттерге дiндер туралы тек ғылыми бiлiм беруге мiндеттi.

Бiлiм беру жүйесi патриотизмдi қалыптастыруда және халықтың ұлттық және рухани дәстүрлерiне құрмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Оқу орындарында дiни iс-шаралар мен миссионерлiк қызметтi өткiзуге мүлдем тыйым салынады. Оқушыларға киiм киюдiң де зайырлы формасы тағайындалған.

Денсаулық сақтаудың зайырлылығы.

Дiни ұйымдар адам өмiрi мен денсаулығын сақтауда медициналық араласу қажеттiлiгi туындаған кезде, азаматтарды медициналық көмектен бас тартуға шақырмауы керек.

Өз кезегiнде денсаулық сақтау ұйымдары да науқастардың өмiрi мен денсаулығына нұқсан келтiретiн дiни рәсiмдер мен шараларды жасатуға, дiни сенiмдерге байланысты медициналық көмек көрсетуге жол бермеуi тиiс.

Зайырлылық-қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепiлi.

Зайырлы мемлекеттiң қағидаттары сақталмаса, онда мемлекет конфессияаралық қақтығыстарда әлсiздiк танытады.

Адам үшiн мәңгi сақталатын ұлы құндылықтар бар. Бұл-руханилық пен адамгершiлiк.

Демек, бiздiң Отанымыз — зайырлы Қазақстан Республикасының ең басты мiндетi — рухани мәдениетiмiз бен салт-дәстүрiмiздi, тiлiмiздi дамытып, қайта жаңғырту болып табылады.

Нұркен Тiлеубаев, Ақмола облысы дiн iстерi басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысының орынбасары

Дата публикации
07 апреля 2021
Дата обновления
07 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы