Меню

Страницы

Статья

Жастар арасындағы дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алудың өзектiлiгi

Қазақстан Республикасында дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс–қимыл жөнiндегi 2018-2022 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламаны (бұдан әрi-Мемлекеттiк бағдарлама) iске асыру шеңберiнде елде дiни экстремизм көрiнiстерiнiң және терроризм қатерлерiнiң алдын алу арқылы азаматтың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi өткiзiледi.

Мемлекеттiк бағдарламада халықтың барлық нысаналы топтарымен (мемлекеттiк қызметшiлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, дiндарлар, сотталғандар және басқалар) жүргiзiлетiн жалпы профилактикалық жұмысқа да үлкен мән берiлетiн белгiлi бiр iс-қимыл алгоритмi қамтылғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, қоғамның ең осал және оңай әсер ететiн бөлiгi ретiнде жастарға ерекше көңiл бөлiнедi.

Бұл факт террористiк ұйымдарға да белгiлi, олардың негiзгi нысаны мен мақсаты жастарды тарту болып табылады. Экстремистiк және террористiк әрекеттерi үшiн қылмыстық жазасын өтеп шыққан және өтеп жатқан, ДАИШ жағында соғыс қимылдарына қатысу үшiн Сирияға барған адамдардың барлығы 18 жастан 35 жасқа дейiн болуы тән, бұл жастармен ақпараттық — түсiндiру шараларын жүргiзудiң бiрiншi кезектегi мiндетiн анықтайды.

Аталған қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттiк органдар, дiн мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру топтарының мүшелерi, дiни бiрлестiктер және т.б. тартылады. Бұл мәселеде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты, бөлiнген гранттарды iске асырумен айналысатын, дiн саласындағы теологтар мен сарапшыларды тарта отырып, үкiметтiк емес ұйымдар маңызды рөл атқарады.

Ақмола облысында белсендi жұмысты жүзеге асыратын субъектiлердiң бiрi, дiни қатынастар саласында 9 жылдан астам тәжiрибесi бар «Зерделi Ұрпақ» жастар қоғамдық бiрлестiгi (бұдан әрi «Зерделi Ұрпақ» ЖҚБ) болып табылады.

«Зерделi Ұрпақ» ЖҚБ өңiрлiк iшкi саясат бөлiмдерiнiң мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстары аясында жастар арасында жалпы алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ деструктивтi дiни ағымдардың идеологияларының беделiн түсiру бойынша жеке атаулы жұмыстарды жүргiзедi.

Алдын алу iс-шараларының негiзгi мақсаты конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы ең демократиялық тәсiл ретiнде зайырлылық қағидатын түсiндiру, радикалды дiни идеялардың таралуына қарсы iс-қимыл жасау және жастардың терроризмге қарсы санасын қалыптастыру болып табылады.

Өткiзiлетiн iс-шаралардың мiндеттерiнiң бiрi дiни және дiнтану сауаттылығын арттыру болып табылады. Сондықтан экстремизм мен терроризм, дәстүрлi ислам, мазхабтар, жиһад сияқты терминдердiң ұғымдық аппараты қарастырылады. Iс — шара спикерлерi экстремистiк идеялардың зияндылығын көрсетiп, терроризм — бұл әлемдi ақ пен қараға бөлетiн, жастардың нәзiк санасын шатастыратын «туннельдiк» ойлауды қалыптастыратын «ешқайда жол» екенiн түсiндiредi.

Қазiргi жас адамның дүниетанымын қалыптастыруда исламның Қазақстанда таралу тарихы, оның қазақ дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарындағы орны мен рөлi туралы бiлiм де қажет. Ислам мен қазақ халқының дәстүрiне қарсы тұру мүлдем мүмкiн емес, өйткенi олар халықтың рухани субстанциясы бола отырып, тығыз өзара iс-қимылда болады. Жастармен жұмыс жасау барысында қазақтың ұлы ағартушыларының түрлi әдiстерi, дәйексөздерi, спикерлердiң түсiнiктемелерi жастар санасында деректердi бекiту үшiн қолданылады.

Жастардың антитеррористiк санасын қалыптастыруда «Дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимылдың құқықтық аспектiлерi» блогы маңызды болып табылады. Заңды бiлмегенi үшiн зардап шеккен жастар туралы бiрнеше мысал және рөлдiк ойындардағы тренингте осындай жағдайлардың шоғырлануы жастарды заңды түсiну, зерттеу мен ұстанудың маңыздылығын түсiнуге итермелейдi.

Радикалды дiни идеяларды тарату және тиiсiнше террористiк ұйымдарға тарту платформасы ретiнде интернет проблемасы да өзектi болып табылады. Бұл жағдайда дiни жалдаушылардың психологиялық айла-шарғыларын тану және әлеуметтiк желiлерде оларға қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруға назар аударылады.

«Зерделi Ұрпақ» ЖҚБ жастармен профилактикалық жұмыста дәстүрлi формаларды (дәрiстер, дөңгелек үстелдер және т.б.), сонымен қатар жұмыс қарапайым ақпарат алмасу базасында емес, тыңдаушылардың белсендi өмiрлiк ұстанымын қалыптастыра отырып, инновациялық әдiстердi қолданады (флеш-мобтар, акциялар және т.б.). Мысалы, «EL GASTAR» қазақ жастар театрының қатысуымен «Әлеуметтiк театр+» тренингi ұйымдастырылды, онда үш спикер (ақын М.Тоқсанбаев, теолог Қ.Қайыр, Г.Оразбаева) ой толғау, талқылау, театр қойылымдары, қатысушылармен рөлдiк ойындар арқылы, жастар аудиториясын ата-бабаларымыз, ұлы ағартушылар мен халық ақындарынан келетiн айқын және қарапайым ақиқаттарға жетеледi.

БАҚ-тағы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарына да мән берiледi. Осылайша, «Зерделi Ұрпақ» ЖҚБ түрлi сипаттағы қарсы пропагандалық материалдар («Жастарға арналған журналдар», учаскелiк инспекторларға, дiнтанушыларға арналған әдiстемелiк құралдар, бейнероликтер және т.б.) жасауда тәжiрибесi бар. Дайындалған бейнематериалды уәкiлеттi органдар ұсынды және республикалық теледидарда көрсетiлдi (Zerdeli_urpak_kokshetau).

«Зерделi Ұрпақ» ЖҚБ өкiлдерi облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегi диалогтық алаңдарға, конференцияларға бiрнеше рет қатысты.

Жалпы, 2019-2020 жылдары әлеуметтiк маңызы бар жобаларды жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласы мен облыс аудандарында жоғары бiлiктi сарапшылар мен теологтарды тарта отырып, 100 — ден астам түрлi iс-шаралар өткiзiлдi.

Мен жоғарыда аталған барлық жұмыс жастар арасында деструктивтi дiни ағымдар идеяларын таратуға қарсы iс-қимыл саласында өзiнiң оң нәтижелерiн әкелетiнiне, сондай-ақ бiздiң халқымыздың және мемлекеттiң қауiпсiздiгi мен әл-ауқатын сақтауға ықпал ететiнiне сенiмдiмiн.

Оразбаева Гүлнара Кәкенқызы,

гуманитарлық ғылымдар магистрi,

психология магистрi,

дiн мәселелерi бойынша республикалық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшесi

6

Жарияланған күнi

15 наурыз 2021

Жаңалықтарға жазылу

Дата публикации
15 марта 2021
Дата обновления
15 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы