Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша «Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есеп

  1. Жалпы ереже

Қызмет беруші туралы мәлімет – 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 89 үй мекен-жайында орналасқан Ақмола облысының дін істері басқармасы (бұдан әрі - Басқарма), байланыс телефондары: 8 (7162) 51-13-62.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Басқармамен 3 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;

- «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» (бұдан әрі Мемлекеттік қызметтер);

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 3:

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 3 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-қағаз және (немесе) электрондық нысанда.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны:

Барлық 3 мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасы бекітілді.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Басқарма 2020 жылы 38 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

- миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу — 35;

– діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру-3.

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында қойылатын талаптарға құжаттардың сәйкес келмеуіне байланысты - мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарылды.

2. Қызметті алушымен жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділік көздері мен орындары туралы ақпарат.

- Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіретін қағидалар мен ақпарат www.e.gov.kz электрондық Үкімет порталында, Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында, басқарманың сайты мен ақпараттық басқару стендінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефоны бойынша да ұсынылуы мүмкін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінің анықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары).

- Мемлекеттік қызметшілер, діни бірлестіктер басшылары мен монахинялар үшін 33 іс-шара (дөңгелек үстелдер, кездесулер және т.б.) өткізілді, оның ішінде діни бірлестіктер басшыларына түсіндірме хаттар жолданды (82 адам қамтылды).

Қалалық және аудандық БАҚ беттерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 19 мақала жарияланды. Сонымен қатар, басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Facebook» және «Вконтакте» әлеуметтік желілерінде қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің интернет-парақшаларында және сайтында орналастырылған.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру
бойынша қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, әдістемелік ұсынымдарды және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

Мiндеттi негiзде Басқарма қызметкерлерi кестеге сәйкес, Ақмола облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМККФ-да «Мемлекеттік қызметтер ұсыну сапасы» бойынша бiлiктiлiгiн жетiлдiредi.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа Қағидалары бекітілді.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2020 жылы басқармаға Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік болашағы.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2020 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

-көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;

-халықтың мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспа басылымдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын және уәждемесін күшейтуді қамтамасыз ету.

2021 жылы басқарма халық арасында қолданыстағы заңнаманың нормалары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы