Меню

Страницы

Статья

ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕ АЛУ

Бүгiнде дiни қызмет саласындағы барлық мемлекеттiк қызметтер (бұдан әрi — қызмет) автоматтандырылған және e-gov («Е-лицензиялау») порталында қолжетiмдi.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрiнiң 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығымен дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) бекiтiлдi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылғы 1 сәуiрде № 20256 тiркелдi.

Бүгiнгi күнi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне немесе «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүгiнуге болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң ұсынысы бойынша «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерiн бекiту туралы шешiм беру», «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру» қызметтерi бойынша қағаздағы ұсынудың баламасын алып тастау жоспарлануда. Осы мемлекеттiк қызметтерге баламаны алып тастау бойынша қағидаларға өзгерiстер енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Электрондық өтiнiм беру үшiн, egov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторлану қажет. Бұдан әрi «Қызметтер»-ге кiрiп, ұсынылған тiзбеден «Мәдениет» саласын және қажеттi қызметтi таңдау қажет.

Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшiрмелерiн жүктеу қажет (қажеттi тiзбенi 1414 байланы-орталығынан немесе басқарма udr.akmo.gov.kz сайтының «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнен бiлуге болады). «Кiмге?» деген бағанда қызмет көрсетушiнi — Ақмола облысының дiн iстерi басқармасын көрсету керек.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң барлық мәселелерi бойынша Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89, №420 каб. мекен-жайына немесе 8(7162) 51-13-62 телефонына хабарласуға болады.

Дата публикации
08 декабря 2020
Дата обновления
08 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы