1) Қызмет беруші туралы мәлімет – Ақмола облысының дін істері басқармасы (бұдан әрі - Басқарма). Заңды мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 89 үй, байланыс телефоны: 8 (7162) 51-13-62.
2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Тізілімге сәйкес басқармамен 2 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу» (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер);
2025 жылдың нәтижесі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 28 құрады: электронды түрде - 26, қызмет көрсетуші арқылы - 2.
Діни қатынастар саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып:
- миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу - 28 қызмет;
1)Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділік көздері мен орындары туралы ақпарат.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен қағидалары) дін істері басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/about?lang ресми интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары басқарманың ақпараттық стендінде де орналатырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әрекет етеді.
2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінің анықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары).
2025 жылы дін істері басқармасымен діни бірлестіктердің басшылары; мемлекеттік қызметшілерге; селолық округ әкімдері үшін 7 іс-шара (дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер) өткізілді.
Мысалы, қаңтар, наурыз, маусым, тамыз және желтоқсан айларында Көкшетау қаласы мен Жақсы ауданында діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен Запорожье ауылдық округінің медицина қызметкерлері үшін дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізілді. Іс-шаралармен барлығы 92 адам қамтылды.
Сонымен қатар, 26 маусымда басқарманың басшысы және бас маманы Г.В. Бессмертная «Мемлекеттік қызметтердегі технологиялар мен адам орталықтылығы: сапаның жаңа көкжиектері» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
«Facebook» интернет-парақшасында басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 4 онлайн эфир өткізілді. Сонымен қатар, 11 маусымда басқарманың бас мамандары Е.Ж.Ильясов пен Г.В.Бессмертная «Қазақстан» РТРК» АҚ өңірлік телеарнасында «Елге қызмет» бағдарламасына қатысып, мемлекеттік және орыс тілдерінде басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы айтып бердіі. 16 және 23 маусымда бағдарламалардың трансляциясы Youtube арнасында жарияланды https://youtu.be/akTZYC1hfSo?si=6DouIuvnnS5muerg, https://youtu.be/HtjoVK6Xon4.
Басқарманың сайтында және «Facebook» пен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде түсіндіру іс-шаралары өткізілген туралы 8 ақпарат және «Facebook» парақашасында 3 мақала орналастырылды.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, әдістемелік ұсынымдарды және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.
Басқарманың қызметкерлері міндетті түрде, кестеге сәйкес Ақмола облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚКФ-да біліктілігін арттырудан өтеді.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің Қағидалары бекітілді. 2022 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14 ақпандағы №36 және 1 желтоқсандағы №530 бұйрықтарымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидаларына екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2025 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 14.03.2025 № 95-НҚ бұйрығымен мемлекеттік қызметтердің бірінің атауына және оны көрсету мерзімін қысқартуға өзгерістер енгізілді.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы басқармаға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және қызмет алушылардың қанағаттандырулығын арттыру мақсатында, 2026 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
-мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
-мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
-көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;
-халықтың мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспа басылымдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын және уәждемесін күшейтуді қамтамасыз ету;
-қолданыстағы заңнаманың нормалары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халық арасында түсіндіру.