Меню

Страницы

Статья

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді онлайн өтінім бойынша алу мүмкіндігі

Қазақстанда түрлi салалардағы мемлекеттiк қызметтердi жеңiлдету және автоматтандыру жұмыстары жүргiзiлуде. Көптеген мемлекеттiк қызметтер азаматтарға онлайн-режимде қолжетiмдi. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрiнiң 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығымен «Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидалары» бекiтiлдi, осыған сәйкес мемлекеттiк қызметтердi онлайн режимде алуға мүмкiн.

«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы: «Миссионерлiк кызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеу және қайта тiркеудi жүргiзу», «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерiн бекiту туралы шешiм беру», «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру» мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне немесе «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы және www.egov.kz, www.elicense.kz. «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүгiнуге болады.

Мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтердi алуға арналған құжаттарды тiкелей басқармаға, Көкшетау қаласының ХҚКО-на немесе электронды түрде беруге болады. Аудандық ХҚКО-ларға құжаттар берiлмейдi.

Электрондық өтiнiм беру үшiн, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz порталында авторлану қажет. Бұдан әрi «Қызметтер»-ге кiрiп, ұсынылған тiзбеден «Мәдениет» саласын және қажеттi қызметтi таңдау.

Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшiрмелерiн жүктеу қажет (қажеттi тiзбенi 1414 байланыс орталығынан немесе басқарма сайтының «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнен бiлуге болады). «Кiмге?» деген бағанда қызмет көрсетушiнi — Ақмола облысының дiн iстерi басқармасын көрсету.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң барлық мәселелерi бойынша Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89, №420 каб. немесе 8(7162)51-13-62 телефонына хабарласуға болады.

Ақмола облысы
дiн iстерi басқармасының
бас маманы
Г. Бессмертная

Дата публикации
29 сентября 2020
Дата обновления
29 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы