Пансионаттар түрінде жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелерін кешенді тексеру барысында ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын көптеген бұзушылықтар анықталды, кәмелетке толмаған тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдалануы бұзушылықтардың басқа да фактілері анықталды Бұл мекемелердің қызметі іс жүзінде жарғылық мақсаттарға қайшы келді, олардың білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиялары болмады
Облыс аумағында жұмыс істейтін 5 қайырымдылық ұйымының ішінен бүгінгі таңда 4 мекеменің қызметі соттардың шешімі бойынша таратылды Мекеме өкілдері азаматтық істер жөніндегі Ақмола облыстық сотының сот алқасына берген аппеляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалды
Пансионаттардың таратылуына байланысты бұрын аталған мекемелерде тұрған тәрбиеленушілер кетіп, демалыс кезінде өз отбасыларында болады Жергілікті атқарушы органдар балаларды пансионаттардан отбасыларына қайтару бойынша ата-аналармен жұмысты жалғастыруда
Кешенді тексеру нәтижелері бойынша 2024 жылғы желтоқсанда қайырымдылық пансионаттарының бірінде ӘҚБтК 490-бабы 1-бөлігінің 1-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды
Осылайша Целиноград аудандық сотының 2025 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен жеке мекеме (пансионат) әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 3 ай мерзімге қызметін тоқтата тұра отырып, 516 880 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде өндіріп алынды