Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық-түсіндіру қызметі

Ақмола облысының дін істері басқармасы өз қызметі барысында өңір халқымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше мән береді. Осы бағыттағы негізгі жұмыс ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу және материалдарды БАҚ-қа орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттікконфессиялық қатынастардың негіздерін түсіндіру, облыс халқының құқықтық және дінтану сауаттылығын арттыру мақсатында Дін мәселелері жөніндегі ақпараттықтүсіндіру топтарының (бұдан әрі-АТТ) жүйелі жұмысы жалғасуда Қазіргі уақытта облыста 202 адамнан тұратын 24 АТТ жұмыс істейді (1 облыстық 3 қалалық 17 аудандық және 3 Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарының жанынан)

Жоғарыда аталған топтардың құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші діни конфессиялардың басшылары, теологтар, дінтанушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Жалпы, АТТ мүшелері өткізген іс-шаралармен барлық негізгі мақсатты аудиториялар қамтылған: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарының студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, сенуші жамағат, сотталғандар.

АТТ жұмысындағы басты назар халықтың әрбір нысаналы тобына білікті, шынайы және өзекті ақпаратты жеткізуге, тыңдаушылар аудиториясын, әсіресе ауылдық округтері мен аудан орталықтарында барынша көбірек қамтуға қол жеткізуге бағытталған.

А.ж. басынан бастап облыстың АТТ-ры 2968 түрлі іс-шаралар өткізілді, оған 41889 адам қатысты (семинарлар, дәрістер, жеке әңгімелер және т.б.). Оның ішінде облыс жастарымен тікелей 15613 адамның қатысуымен 463 іс-шара жүзеге асырылды.

Ақмола облысының БАҚ-та діни қатынастар саласындағы тақырыптарды (баспасөзде, теледидарда, интернет-кеңістікте) қамтитын 3879 материал  орналастырылды (мақалалар, бейнероликтер, пресс-релиздер және т.б.).

Облыстағы діни ахуал тұрақты және бақылауда.

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
30 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы