«Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ түрлі үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бұл жұмыс 2021 – 2025 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын және Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау шеңберінде жүргізіледі.
Үкіметтік емес ұйымдармен негізгі өзара іс-қимыл деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалтуға, әйелдер жамағатын әлеуметтендіруге және интернет-кеңістіктегі профилактикалық жұмысқа бағытталған басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
2025 жылы жоғарыда аталған жобаларды «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі және «AMANAT EXPERT» қоғамдық қоры жүргізеді.