Ақмола облысының дін істері басқармасы көрсететін, мемлекеттік қызметтер
Тізілімге сәйкес, Ақмола облысының дін істері басқармасы Діни қызмет саласында: «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» және «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. Көрсетілетін қызметтер стандарттары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген. Құжаттарды қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш; 2) паспорттың көшірмесі (Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін); 3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған); 4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестік жарғысының көшірмесі; 5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар; 6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың көшірмесі (бар болса).
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады: 1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың көшірмесі; 2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатының көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін, дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұруы мүмкін.
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып); 3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 23 жұмыс күні.
Онлайн қызметтерді қалай алуға болады:
НҚА - ға сілтеме http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020256
Мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет;
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық стандарттары басқарманың интернет-сайтында орналастырылған.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, каб.420, телефон 8 (7162) 51-13-62.