«Исламдағы радикализм»
мақаласы
Жалпы радикализм зорлық – зомбылық идеологиясын ұстану,
экстремизм идеологиясын қабылдауды білдіреді. Жылдар бойы сақталған
құндылықтарды түбегейлі өзгерту идеясы, әлеуметтік нормативті шеңберін
бузатын әрі ымырасыз және ешқандай мәмілеге арқа сүйемейтін процесс.
Бұл ұғымның бағыты: саяси, өнер, діни, және әлеуметтік жағынан көрініс
табады. Бұған қоса радикализацияның ортаға шығу себебі ретінде
адамдардың түрлі қажеттіліктері назарға алынады. Олар: жеке мәселе
бойынша, әлеуметтік әділетсіздік, рухани немесе қаржылық қажеттіліктер.
Белгілі бір себептермен радикалды тұлғалар экстремизмге ұшырап,
терроризмді насихаттауға, террорлық акт жасауға, және куштеу әрекеттеріне
шақыруға талпынады. Сол себепті, радикализмді террорлық әрекетке апарар
алғышарттардың бірі десек болады. Бұндай жағдайларды білу өте оңай,
мысалы: Жусан операциясымен оралған бауырларымыздың Сирия еліне
бармай тұрған кезінде әлеуметтік жағдайы қалай болды, осы мәселеге назар
аударып, жан-жақты зерттеу қажет.
Көз алдымызда болған қаңтар қырғыны, бастапқыда адамдардың
әлеуметтік жағдайларына байланысты радикалды тұстары көріне
бастағандай, алайда наразылықтар саяси сипатқа ие болды. Уақыт өте бұл
митингтің діни жақтары да анық болды. Оның жағдайын интернет
желілерінде тараған түрлі бейнематериалдарда деструктивті ағым мүшелері
қатысты болғаны әлі барлық халықтың есінде. Сондай-ақ, бұл әрекеттерге
талдау жүргізсек, радикализмнен шыққан экстремистік террорлық іс -
қимылға саяды.
Діни экстремизм бұл кез-келген діннің кері жағы, оның қараңғы, қауіпті
жағы, дінге деген құштарлық (фанатикалық) түрінде әрекет етеді,
адамдардың немесе бүкіл қоғамның мүдделеріне зиян келтіретін өнегесіз
көзқарастар мен қағидаларды тудырады. Жалпыға бірдей танылған мораль
мен құқық нормаларын бұзудан тұрады, Демократия институттары мен
азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіреді. Ислам
фундаментализмі бұл Құран доктринасын қоғамдық және жеке өмірдің
барлық салаларында қатаң қолдануға ықпал ететін діни саяси қозғалыс.
Осылайша, Ислами фундаментализмінің ауыр салдары болды. Қасиетті соғыс
яғни жиһад деген ұғымды алға тартты. Басқаша айтқанда, исламның тарихи
крест жорығы бүкіл әлемге таралуы және оның көзқарасы бойынша әлемнің
Батыс бүлінген бөлігін қалпына келтіру. Мұның ең қорқынышты
көріністерінің бірі 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Нью-Йорктегі, немесе
өзіміздің елде болған терактілерді (Ақтөбе, Тараз, Алматы, Атырау қалаларында)
айта кетсек болады.
Кез келген ислами топтардың мақсаты ол бұрынғы дәуірге қайту,
алайда бұл әрекет қазіргі заманға кері әсерін тигізеді. Бүгін болған ұшақтар
мен машиналардан бастап әлемнің ұлы жаңалықтары адамзаттың ойлануы
мен ғылымға берілуі арқылы келді. Ақпарат және қоғаммен байланыс құру
жылдар өткен сайын дамып барады. Мысалы, діни басқарманың негізгі
жұмыс бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың БАҚ
беттерінде, медиа құралдардағы насихатын барша адамзат көре алатын
дәрежеге жеттік. Кеше жүздеген адам насихатты бірі есітіп, бірі есітпесе,
қазіргі уақытта қайталап көруге мүмкіндік алдық. Бұлардың барлығын тастап,
біз өткенге қайтуды ойласақ, адамзат үшін бұл үлкен хаос.
Арамызда жүрген өзін – өзі жару әрекеттерінде де радикалды тұлға
киімін өзгертіп, атын өзгертіп, араб ұлттарына еліктеп, тек өзін ғана ойлап
жалған мақсатты жұмақты көздейді. Алайда, мұсылман құқығында
мыынандай жалпыға ортақ қағидалар да бар. Мәселен, Хадиш Шарифте:
«Жалпының мүддесі жекенің мүддесінен жоғары тұрады», - делінеді. Бұл
дегеніміз, радикалды идея өзімшіл десек, ал шариғат принципінің жалпы
мүдде қағидасы адамға оның әрекетінің салдары жайлы кеңірек түсіндіреді.
Сондықтан, деструктивті діни ағымның жетегіне кеткен азаматтарымызды
оның ісінен туындайтын жалпыға тигізетін пайдасы мен зияны туралы
ойлауға мәжбүр етуіміз қажет.
М. Мамадалиев
Ақмола облысы дін істері басқармасының
«Конфессияаралық қатынастарды талдау
және дамыту орталығы» КММ
кеңес беру-оңалту бөлімінің теолог маманы