Меню

Страницы

Статья

2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі;

2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің қызметі туралы

ЕСЕП

 

  1. Жалпы ереже

1) Қызмет беруші туралы мәлімет – Ақмола облысының дін істері басқармасы (бұдан әрі - Басқарма). Заңды мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 89 үй, байланыс телефоны: 8 (7162) 51-13-62.

2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Тізілімге сәйкес басқармамен 2 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер);

2022 жылдың нәтижесі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 33 құрады: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы -17, электронды түрде -14, қызмет көрсетуші арқылы - 2.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету:

   2022 жылы – 33 қызмет          2021 жылы – 30 қызмет

 

Діни қатынастар саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

  Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып:

- миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу — 33 қызмет табылады;

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту-жоқ.

  1. Қызметті алушымен жұмыс

1)Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділік көздері мен орындары туралы ақпарат.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен қағидалары) дін істері басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/about?lang ресми интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары басқарманың ақпараттық стендінде де орналатырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әрекет етеді.          2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінің анықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары).

         2022 жылы дін істері басқармасы діни бірлестіктердің басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге, күш құрылымдарының, мемлекеттік корпорацияның және КММ ведомстволық бағынысты қызметкерлеріне арналған 15 іс-шара (дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер және т.б.) өткізілді.

         Мысалы, қаңтар және тамыз айларында ТЖД қызметкерлерімен дәріс сабақтары өткізілді, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің басшылары да онлайн режимде қосылды. Діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері үшін Көкшетау, Степногорск қалаларында және Бурабай ауданында дөңгелек үстелдер өткізілді. Іс-шараларға барлығы 182 адам қамтылды.

         Бұдан басқа, 2022 жылдың 20 сәуірінде басқарма өкілі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өткізетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты.

          Басқарманың сайтында және «Facebook» пен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде түсіндіру іс-шаралары туралы өткізілген барлығы 16 ақпарат орналастырылды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру
    бойынша қызмет

         1)Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

          Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, әдістемелік ұсынымдарды және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

         Мiндеттi негiзде, басқарма қызметкерлерi кестеге сәйкес, Ақмола облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы» РМККФ-да бiлiктiлiгiн жетiлдiредi. Сонымен, 2022 жылдың 14-18 қараша аралығында басқарманың бас маманы Е.Ж.Ілиясов мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

         2)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

         Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің Қағидалары бекітілді. 2022 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14 ақпандағы №36 және 1 желтоқсандағы №530 бұйрықтарымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидаларына екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

        2022 жылы басқармаға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік болашағы.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және қызмет алушылардың қанағаттандырулығын арттыру мақсатында, 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

         -мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

         -мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

         -көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;

         -халықтың мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспа басылымдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын және уәждемесін күшейтуді қамтамасыз ету.

         Қолданыстағы заңнаманың нормалары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын халық арасында жүргізу, басқармамен 2023 жылы жалғасатын болады.

 

2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі

 

 

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы