Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ қызметі туралы

Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі КҚТДО КММ) Ақмола облысы әкімдігінің 27.12.2013 жылғы № А-12/576 қаулысымен құрылды.

Мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) өңірлік және республикалық деңгейлерде діни экстремизмге және жалған діни қызметке қарсы іс-қимылға бағытталған әдістемелік және практикалық іс - шараларды (дәрістер, семинар-тренингтер және өзге де ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу;

2) радикалды, деструктивті және тоталитарлық культтердің әсерінен зардап шеккен құрбандарды оңалтуда психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету, оның ішінде консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ сенім телефоны арқылы жүгінген адамдарға шұғыл психологиялық көмек көрсету;

3) Ақмола облысында діни экстремизмге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету;

4) өңірдің конфессияаралық саласындағы жағымсыз үрдістерді анықтау тұрғысынан әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

5) түрлі мәдени-бұқаралық, ағартушылық және танымдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

6) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, ақпараттық бюллетеньдерді, арнайы баспа басылымдарын шығару жолымен мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың сұрау салулары бойынша ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін дін саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуда ғылыми ұйымдармен, мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жоғары оқу орындарымен және басқа да тиісті заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

8) мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері мен мамандары, Қазақстан Республикасындағы діни конфессиялардың және дін мәселелері, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл және мекеменің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша басқа да нысаналы топтардың өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізу;

9) діни әдебиетті, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау;

10) қарсы насихаттау іс-шараларын жүргізу және электрондық (оның ішінде интернет-сайттар) және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі (жүйелеу және талдау);

11) Ақмола облысы Дін істері басқармасының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобымен діни толеранттылық, патриотизм, терроризмге қарсы және экстремизмге қарсы сана саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

Дата публикации
08 ноября 2022
Дата обновления
08 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Мақалалар
25 июня 2026
Ақмола облысының дін істері басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Мақалалар
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ-де cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы