Ақмола облысының дін істері басқармасы өз қызметі барысында өңір халқымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше мән береді. Осы бағыттағы негізгі жұмыс ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу және материалдарды БАҚ-қа орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде мемлекеттікконфессиялық қатынастардың негіздерін түсіндіру, облыс халқының құқықтық және дінтану сауаттылығын арттыру мақсатында Дін мәселелері жөніндегі ақпараттықтүсіндіру топтарының (бұдан әрі-АТТ) жүйелі жұмысы жалғасуда Қазіргі уақытта облыста 202 адамнан тұратын 24 АТТ жұмыс істейді (1 облыстық 3 қалалық 17 аудандық және 3 Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарының жанынан)

Жоғарыда аталған топтардың құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші діни конфессиялардың басшылары, теологтар, дінтанушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Жалпы, АТТ мүшелері өткізген іс-шаралармен барлық негізгі мақсатты аудиториялар қамтылған: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарының студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, сенуші жамағат, сотталғандар.

АТТ жұмысындағы басты назар халықтың әрбір нысаналы тобына білікті, шынайы және өзекті ақпаратты жеткізуге, тыңдаушылар аудиториясын, әсіресе ауылдық округтері мен аудан орталықтарында барынша көбірек қамтуға қол жеткізуге бағытталған.

А.ж. басынан бастап облыстың АТТ-ры 5300 түрлі іс-шаралар өткізілді, оған 53191 адам қатысты (семинарлар, дәрістер, жеке әңгімелер және т.б.). Оның ішінде облыс жастарымен тікелей 16967 адамның қатысуымен 524 іс-шара жүзеге асырылды.

Ақмола облысының БАҚ-та діни қатынастар саласындағы тақырыптарды (баспасөзде, теледидарда, интернет-кеңістікте) қамтитын 7537 материал  орналастырылды (мақалалар, бейнероликтер, пресс-релиздер және т.б.).

Облыстағы діни ахуал тұрақты және бақылауда.