Ақмола облысының дін істері басқармасы (ДІБ) өңір халқымен тікелей жұмыс істеуге, оның ішінде жүгінген адамдарға психологиялық, құқықтық және өзге де кеңес беру арқылы ерекше назар аударады.

Жоғарыда аталған қызметті жүргізу «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (КҚТДО КММ) кеңес беру – оңалту бөлімінің құзыретіне кіреді.

Кеңес беру – оңалту бөлімінің негізгі функциялары:

  • деструктивті діни ағымдардың әсерінен зардап шеккен адамдарға психологиялық, теологиялық және құқықтық кеңес беру (оның ішінде КҚТДО КММ 72 25 96 сенім телефоны және электрондық поштасына өтініштер);
  • деструктивті діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккен өтініш білдірген адамдарды (және жақындары мен туыстарының арасынан тәуелді адамдарды) оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
  • радикалды, деструктивті ағымдардың әсерінен зардап шеккен адамдармен, аддикцияға бейім адамдармен, маргиналды жастармен тренингтер, топтық және жеке кездесулер циклін ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органдарға, оқу орындарына, медициналық мекемелерге және өзге де мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындарға облыс азаматтарымен психологиялық және әлеуметтік қызметтердің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.