ДДА ізбасарларымен және олардың ортасымен жұмыс

"Ақмола облысының дін істері басқармасы" ММ (бұдан әрі-ДІБ) деструктивті діни ағымдарды (бұдан әрі-ДДА) жақтаушыларды анықтау залалсыздандыру және әлеуметтендіру жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға маңызды мән береді

Бұл жұмыс ДІБ "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ (бұдан әрі-КҚТДО КММ) басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы кешенді негізде жүзеге асырылады  

Тұтастай алғанда жоғарыда аталған қызмет деструктивті діни идеялардың ықпалына түскен адамдарға теологиялық көмек көрсету мақсатында ДІБ және өңірлік ішкі саясат бөлімдерінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары, КҚТДО КММ қызметтері тартылған теологтар мен имамдардың жұмыстары шеңберінде ұйымдастырылған

ДДА ұстанушылармен оңалту және профилактикалық іс-шаралар сотталған адамдармен де, еркін азаматтармен де, олардың айналасындағылармен де (туыстары достары әріптестері және т.б) жүргізіледі

Дата публикации
09 октября 2025