Абайлаңыз, алаяқтар! Өзіңізді алдауға жол бермеңіз!

 Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары, алаяқ фактілерінің көбеюіне байланысты, келесі ескерту шараларын қабылдауыңызды сұраймыз:

- ешқашан телефон арқылы сөйлесу барысында жеке деректеріңізді, банк карталары туралы ақпаратты, логин, парольдерді және смс-кодтарды хабарламаңыз;

- смарт телефондарыңызға қашықтықтан қол жеткізу үшін мобильді қосымшаларды орнатпаңыз;

- телефон арқылы сөйлесу барысында (банк қызметкерлері, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұялы байланыс операторлары және т. б. қызметкерлерінің) нұсқауы бойынша үшінші тұлғаларға ақша қаражатын аудармаңыз;

- "Колеса" "ОЛХ" және басқа интернет-дүкендері сайттарынан тауарға алдын ала төлем жасамаңыз;

- әлеуметтік желілер және мессенджерлерде жеңіл әрі оңай қаражат алу мүмкіндігі туралы (ұтыс, табыс, инвестиция, криптовалюта және т. б.) жарнамаларға көңіл бөлмеңіз;

- туыстарыңыз қиын жағдайға тап болды және қаржылай көмек қажет деген хабарламаларға сенбеңіз;

- белгісіз нөмірлерден хабарласқан бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз;

 Сақ болыңыздар! Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
05 марта 2025