Стационарлық үй-жайлардың орналасуы туралы

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы

өзге де ақпараттық материалдарды,

діни мақсаттағы заттарды тарату үшін

арнайы тұрақты үй-жайлардың

орналастырылуын бекіту туралы»

Ақмола облысы әкімдігінің

2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172

қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7787 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

«Бурабай ауданы» бөлімі келесі мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолымен толықтырылсын:

«

1-1. тұрақты үй-жай Щучинск қаласы, Сарыжайлау көшесі, 8 «а»

».

Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев

Дата публикации
11 января 2021