Мемлекеттік қызмет көрсету- мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және олардың электрондық нысанға толық көшуіне ерекше назар бөлінеді.
Қазақстан тұрғындары мемлекеттік қызметтерді, кез -келген электрондық құрылғысы арқылы: дербес компьютерді, телефонды немесе планшетті пайдалана отырып, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, электрондық түрде ала алады.
Ол үшін Сізге, ХҚКО бір рет барып www.egov.kz.электронды үкімет порталында ұялы телефон нөміріңізді тіркеу қажет.
Әрі қарай, негізгі мәзірде құқықтық көмек қойындысын таңдап, құжаттарды апостильдеу және мұрағаттық анықтамаларды басыңыз.Ұсынылған қызметтер тізімінен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік жазбалардың үзінді көшірмелерін алу» қызметіне басамыз. Сосын онлайн қызмет көрсетуіне басамыз.
Порталға электронды қолтаңба немесе СМС паролі арқылы кіруге болады. ЭЦҚ қойындысын таңдаймыз, олар сақталатын компьютерден немесе сыртқы тасымалдаушысыдан құжаттарды таңдаймыз. Парольді енгіземіз, қол қою функцияын таңдаймыз. Өтінішті беру терезесіне өтеміз. 1 қадамнан өтеміз және жұлдызшамен белгіленген барлық жолдарды толтырамыз.
Қызмет алушыда сұрақтары пайда болған жағдайда, Сізбен байланысқа шығуға мүмкіндігі болу үшін міндетті түрде тұрып жатқан мекен-жайды, телефонды көрсету керек.
Әрі қарай, архив мекемесінің орналасқан жерін таңдаймыз.
Облыстық маңызы бар құжаттары, «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» КММ -де орналасқанына назар аударыңыз, сондықтан, қалалық және аудандық маңызы бар тиісті құжаттары, аумақтық тиесілігіне байланысты қалалық және аудандық архивтерінде сақталады.
Әрі қарай, сұратылған адамға қатысты деректерді толтырамыз.
Жеке немесе заңды тұлғаны таңдаймыз.
Сосын, архив анықтамасы қажетті тұлғаның ЖСН енгіземіз және іздеу батырмасына басамыз, сосыдан кейін тегі, аты және туған жылы автоматты түрде шығады.
Міндетті түрде мекен-жай, телефон және пошталық индексіне басамыз.
Әрі қарай, өтініш туралы ақпаратты енгіземіз.
Ұсынылатын санаттар тізімінен өтініш санатын таңдаймыз.
Үшінші тұлғаларға сұрау салуды жіберген кезде өкілеттікті растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет екеніне назар аударыңыз, егер сұрау салу заңды тұлғадан жіберілсе, ұйым басшысының қолы қойылған хатты қоса беру қажеттігін, егер Жеке тұлғаның атынан нотариалды куәландырылған сенімхат, егер адвокаттардан немесе нотариустардан - лицензияны қоса беру қажет.
Әрі қарай, қажет болса, сұратылған мәліметті растайтын құжаттарды қосамыз. Өтінімді жіберу функциясына басамыз. Электронды цифрлы қол қоямыз.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат болып табылады, ол 11 жұмыс күні ішінде Сіздің электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіңізде ұсынылатын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін электрондық үкімет порталына кіреміз және ЭЦҚ бойынша авторландырудан өтеміз.
Жеке кабинетте ашылмалы мәзірден қызмет алу тарихын таңдаңыз.
Орындалған қойындысында белсенді хабарламаны таңдап, оны басыңыз, «Қызмет күйін тексеру» батырмасын басыңыз, «Шығу құжатын қарау» тармағын таңдаңыз. Шығыс құжаты PDF нысанында жасалады және компьютерге жүктеледі.
Шығу құжатын көру үшін оны басып, қажет болған жағдайда, сақтау немесе басып шығару керек.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат болып табылады.