Мемлекеттік кірістер комитетімен «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленіп осы жылдаң бастап іске қосылды.
Мемлекеттік кірістер органдар әкімшілендіруді жетілдіру, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану бойынша ауқымды жұмыс жүргізулуде.
Мемлекет басшысының салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін оңайлату тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленді.Қосымшаны енгізу 2022 жылы күшіне енген Салық кодексіне өзгерістер және толықтырулар мен қарастырылған.
Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы.
«E-Salyq Business» кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, қосымша кәсіпкер чектерден кіріс негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептейді. Мобильді қосымшаны пайдаланатын кәсіпкер БKM пайдаланбауға құқығы бар. Сонымен қатар, жаңа салық режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін тапсырудан босатылады.Пилоттық жобаға тек жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген және патент пен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар ғана қатыса алады.
Бұдан басқа, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді.
Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.
Бұдан басқа, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді. Қосымша «Google Play» алаңында қолжетімді.
Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі