Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, халықтың цифрлық сауаттылығын 2022 жылға дейін 83% арттыру жөнінде нысаналы индикатор қарастырылған.
- 2019 жылы – 78,5%
- 2020 жылы – 80,0%
- 2021 жылы – 81,5%
- 2022 жылы – 83,0%
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» № 418-V Заңына сәйкес «цифрлық сауаттылық» ұғымы келесіні білдіреді:
Цифрлық сауаттылық – адамның күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білімі мен қабілеті.
Негізгі цифрлық дағдыларына келесі бес құзырлығы кіреді:
- Дерес компьютер мен ноутбукті, ұтқырлы құрылғыларды, Интернет желісін сенімді басқаруы, деректердің қауіпсіздігі мен қорғауы жататын, негізгі цифрлық дағдылары;
- Үйден шықпай-ақ, қажетті «онлайн» электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды қамтитын, «электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді пайдалану дағдылары;
- «Ашық үкіметтің» төрт құрамдасын пайдалануды қамтитын «Ашық үкіметті» пайдалану дағдылары;
- «Онлайн» тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және жылжыту дағдыларын қамтитын «электрондық сауда» дағдылары;
- Дербес деректерді қорғауды, ДК, планшеттерді, смартфондарды және т.б. қорғауды, Интернет желісінде қорғауды, қаржылық операцияларды жүргізу кезінде қорғауды қамтитын ақпараттық қауіпсіздік дағдылары.
Кәсіби цифрлық дағдыларына кәсіби цифрлық дағдыларының бес құзырлығы кіреді және:
- Медиа дағдылары – цифрлық құрылғыларды пайдалану дағдылары (цифрлық фотоаппараттар, бейнекамералар және т.б.);
- Кәсіби цифрлық дағдылары — кәсіптік қызметінде бағдарламалық- аппаратық шешімдерді қолдану дағдылары.