Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының мұрағат қызметінің тарихы

1923 жылғы қазан айының 18- күні Ақмола губерниялық мұрағат бюросы ұйымдастырылды. Оның құзырына, мемлекеттік мекемелердің мұрағат ісін қалыптастыру бойынша жалпы басшылығы кірген, анықтамаларда, ғылыми әзірлемелерде  пайдалану үшін  мұрағат материалдарын жинау мен сақтау   және өлкетану мәселелері бойынша әртүрлі шолулар жасау мақсатында оны ретке келтіру міндеттері кірді.  Сондай-ақ, сол жылдардың өзінде мұрағат құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану сияқты мұрағат ісінің негізгі қағидаттары қаланған болатын.

Кейінгі жылдары мұрағат қызметі бірқатар қайта құрулардан өтті, сондай-ақ, 1928 жылғы 17 қаңтарында уездік бөлімі таратылып, Ақмола губерниясының аумағы Ақмола және Петропавл  округтердің құрамына кірген, сондықтан, губерниялық пен уездік мұрағат қызметтері таратылып, округтік мұрағат қызметтері құрылды.

1930 жылы аудандық әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді, ал 1932 жылы орталығы Петропавл қаласында Қарағанды облысы құрылған болатын, оның құрамына Ақмола және Петропавл округтері кірді.  Сондықтан, Қарағанды облысының мұрағаты қалыптастырылды.

1938 жылы кеңес үкіметі мұрағаттарды және мемлекеттік мұрағат желісі басшылығын КСРО Ішкі істер Халық комисариаты құрамына беріледі деп шешті.  Бұл деген мемлекеттік органдардың жаппай саясаттандыру бағытының қисынды жалғасы болды.

1939 жылғы 14 қазанында Ақмола облысының құрылуына байланысты және Қазақ КСР ІІХК 1939 жылғы 22 желтоқсандағы № 1875 бұйрығы негізінде Ақмола облысы бойынша ІІХК Басқармасы құрамында Ақмола қ. мұрағат бөлімі (ол облыстық мұрағат қызметін атқарды) және 15 аудандық мұрағаты (облысқа кірген аудандар саны бойынша) құрылды. Мұрағат бөлімнің штатында, құрамындағы қызмет көрсету жұмысшыларды қоса есептегенде 5 бірлік құрап аудандық мұрағаттарда 2 қызметкерден жұмыс істейтін болды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 17 шілдедегі № 548 қаулысымен Мұрағат органдары ІІМ жүйесінен КСРО Министрлер Кеңесіне және одақтас республикаларға, облыстық мұрағаттар еңбекшілер депутаттарының жергілікті Кеңестерінің қарамағына берілді.

1960 жылдың желтоқсанында Қазақ ССР-нің Солтүстік облыстарынан Тың өлкесінің құрылуына байланысты Тың өлкелік атқару комитетінің мұрағат бөлімі және өлкелік мемлекеттік мұрағат құрылды. 1965 жылдың қазан айында Тың өлкесінің таратылуына байланысты, Өлкелік атқару комитетінің тың басқармасы негізінде Целиноград облыстық атқару комитеті жанындағы мұрағат бөлімі ұйымдастырылды, ал Целинный өлкелік мемлекеттік мұрағаты Целиноград облысының мемлекеттік мұрағаты болып қайта құрылды.

1985 жылы Қазақ КСР Үкіметінің аудандық (қалалық) атқару комитеттері жанынан жеке құрамы бойынша аудандық және қалалық шаруашылық есептегі мұрағаттар ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. 1986 жылдан бастап облыста Вишневский (қазір Аршалы), Атбасар, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград аудандық мұрағаттар құрылып ашылды. 90-шы жылдары басында  Астрахан, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарындағы мұрағаттары және Степногорск қ. мұрағаты ашылды.  

1999 жылы Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді,  сондықтан, барлық мемлекеттік басқарушылық мекемелер жаңа облыс орталығына ауыстырылды, соның ішінде облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы да болды, алғашқыда ол әкімшілік ғимараттардың бірінде үй-жайды жалдап отырды.

Облыстық мұрағатты көшіру туралы мәселесі қолайлы орын-жайдың жоқтығынан ұзақ уақыт бойы ашық күйінде қалып келді. 2002 жылы Көкшетау  қ. Облыстық архивіне аяқтаусыз қалған ғимарат берілді, ол 2005 жылдың аяғында пайдалануға берілген.

2006 жыл бойы архив қорларын облыстық архивтерге көшіру бойынша едәуір жұмыс атқарылды, Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында сақталған Көкшетау облысының құрылымдық құрамының құжаттары берілді.

2022 жылғы 1 қаңтардың жағдайына Ақмола облысының 21 мемлекеттік архивінде сақталатын 1 миллион 500 мыңнан артық бірлік 5828 қорларда үйлестіріліп шоғырландырылды.  Жылда сақталуға  35 мыңға жуық бірлік түседі. Құжаттық байлықтың басты қоймасы ретінде Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты болып табылады, құжаттардың мол жиыны Зеренді, Ақкөл, Атбасар, Бурабай аудандарының және Көкшетау мен Степногорск қалаларының мемлекеттік мұрағаттарында сақталады.

Ақмола облысының мұрағат мекемелері Облыстың мемлекеттік архивтерінде сақтаудағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша, «Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша, архивтік құжаттарды цифрлық форматқа аудару бойынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарынан келіп түсетін құжаттарды қабылдауын ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыстарды атқаруда.

Бүгінгі таңда, облыс әкімі қолдауының арқасында жергілікті бюджетте мұрағат саласын дамытуға, облыстық және аудандық мұрағат мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінеді. Бюджет қаражаты есебінен мұрағаттар үшін жаңа ғимараттар сатып алынады, күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізіледі, ескі және ескірген стеллаждардың орнына жаңа заманауи ұтқырлы стеллаждар, құжаттарды цифрландыру бойынша техникалық жабдықтар сатып алынады, автоматты өрт сөндіру, күзет және өрт дабылы, бейнебақылау жүйелері орнатылады.

Барлық жүргізіліп жатқан жұмыстар, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз етуге және оны пайдалануға бағытталған.

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
09 октября 2026
Архив ісі, әкімшілік-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету
Мақалалар
09 октября 2026
Цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні және инновациялық жобаларды дамыту
Мақалалар
09 октября 2026
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жобалық басқару

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы