Бүгінгі таңда, Ақмола облысының 605 елді-мекенінен Интернет желісіне 497 немесе 82.2% (соның ішінде 11 қала, 5 қала түрлі кент және 481 ауылды елді-мекен)қосылған.
Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке елді -мекендердің 295 немесе 48,8% қосылды.
Ұялы байланыс қызметімен 595 немесе 98,3% елді -мекен қамтамасыз етілді.
Интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділік елді -мекендердің 406 немесе 67,1% - қамтамасыз етілген.
Ұялы байланыс пен мобильді интернетке жоғары сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЦДИАӨМ) «Халық саны 250 және одан жоғары Қазақстан Республикасының ауылдық елді- мекендерін Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі жоспар-кестесінің» жобасы аяқталу деңгейінде, бұл жоба, Ақмола облысының халық саны 250 адамнан асатын 74 ауылдық елді-мекенді қамтитын болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және ұялы байланыс операторларымен бірігіп, халық саны 250 кем ауылдық елді- мекендерін Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі жоба пысықталуда. Ақмола облысы бойынша 86 АЕМ қосылуы көзделіп отыр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы, ҚР ЦДИАӨМ-не ұялы байланыс сапасын жақсартуды және ұялы байланысқа қосылу мен мобильді Интернет пен ұялы байланыс қызметтеріне қосуды талап ететін АЕМ тізімін жіберді.
Облыстың жалпы білім беретін 553 мектебінің бәрінде 4-х Мбит/сек және одан жоғары жылдамдығымен кең жолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілді. 90 мектепте Интернет жылдамдығы 8 Мбит/с.дейін ұлғайтылды, соның ішінде 42 мектепте спутник жабдығы радиокөпірге ауыстырылды, оның арқасында 42 мектепте Интернеттің 8 Мбит/с дейін жылдамдығына қол жеткізу мүмкіндігі туды.
Облыстың денсаулық сақтау мекемесінің 557 -нен интернет желісіне 519 объектісі қосылды, бұл 93% құрайды. Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының мәліметі бойынша: аудандық деңгейіне дейін интернетке 38 медициналық мекемесі қосылды және бұл 100% құрайды, аудандық деңгейінен төмен 522 объектісінен 481 объектісі, бұл 92 % құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жағдайында, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрігерлік амбулатория деңгейінде интернет желісіне 100% іске асырылды. Қосылмаған мекемелер аудандық деңгейінен төмен – 41 денсаулық сақтау объектісі (бұл медициналық бекеттер – 38 объектісі және 3 - фельдшерлік-акушерлік бекеті).
Анықтамалы:
Ауылдық елді-мекендерінде сымды байланыс желілерін дамытуына қатысты (ТОБЖ, ADSL, GPON)
2022 жылы байланыс желілерінің құрылысы «Қазақтелеком»АҚ Орталық РТД қарастырылмаған, өйткені, ауылдық елді-мекендерінде Интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту тұжырымдамасы ретінде сымсыз желілері қолданылады.
Заманауи Интернетке сымды қолжетімділік ретінде «Қазақтелеком»АҚ компаниясы 4G технологиясы негізінде жоғарыжылдамдық сымсыз Интернетпен байланыс топтамаларын қосуды ұсынады.
Бүгінгі таңда, CDMA-450 технологиясын LTE 4G технологиясына ауыстыру бойынша жобасы «Қазақтелеком»АҚ пысықталуында жатыр.
Тарифтік жоспарлар бойынша тиянақты ақпаратты https://telecom.kz/ru/common/start корпоративті сайтында көруге болады. Қызметтерді қосу үшін өтінімді Компанияның http://telecom.kz сайтында және WhatsApp пен Telegram мессенджерінде жеке кабинет арқылы келесі нөмірі бойынша 87080000160 беруге болады, сондай-ақ, Сіздің берілген өтініміңіз бойынша нәтижесін Тұтынушыларды қолдау «Call-Center 160» орталығының нөміріне жүгініп білуге болады.