Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2021 жылғы есебі

 

Ақмола облысының цифрландыру және  архивтер басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2021 жылғы есебі

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

          2021 жылға арналған Ақмола облысының цифрландыру және  архивтер басқармасының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі — басқарма) басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың (мемлекеттік архивтердің) көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер енгізілген. Облыс бойынша  қызмет берушілердің жалпы саны 21.

                                               

2) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

— Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік архивтер 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz,  веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара)/қағаз нысанда көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің саны 24928 құрады:

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 2517;

– веб-портал арқылы www.e.gov.kz– 15322; – Қызмет берушінің кеңсесі арқылы (мемлекеттік ахивтер) – 7089.

Басқармада және мемлекеттік архивтерде «e-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 21 бұрышы орнатылған.

 

 

 

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

        1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

        Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты басқарманың және мемлекеттік архивтердің (21 архив) стендтерінен алуға болады. Мемлекеттік архивтердің сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.

 

        2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

        Басқарманың және мемлекеттік архивтердің қызметі туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

 

        3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

        Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша 403 іс – шара өткізілді:

1) семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» – 210; 2) мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерінің БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сөз сөйлеуі – 112; 3) әлеуметтік желілерде: Instagram, Facebook, Вконтакте (парақшада 1000-нан астам жазылушы бар) – 38; 4) теледидарда – 43. 

                                                

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) 2021 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

2021 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 15322 мемлекеттік қызметі көрсетілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2021 жылы облыс мемлекеттік архивтерінің 46 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

 

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

Ақмола облысының цифрландыру және  архивтер басқармасы архивтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Степногорск қ, Бурабай ауданы, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды ауданы мемлекеттік архивтерінде 6 бақылау іс-шарасын өткізді. Іс – шараны өткізу мақсаты-мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Тіркеу журналдарына, берілген архивтік анықтамаларға олардағы ақпараттың бастапқы құжаттарға сәйкестігіне, сондай-ақ жауаптардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізілді. «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін орындау мерзімдерінің бұзылуын және мәліметтердің сәйкес келмеуін тексеру барысында тексерілген архивтік анықтамаларда анықталған жоқ.

Тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік архивтердің директорлары мен мамандарына ұсынымдар берілді:

  1. Әлеуметтік желілерде бейнероликтер орналастыру, акциялар өткізу және халықпен кездесулер өткізу жолымен «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту бойынша ақпараттық жұмысты жалғастыру. 2. Архивтік анықтамаларды құрастыру кезінде нормативтік актілерді басшылыққа алу, ақпараттың бұрмалануына жол бермеу, осы жұмыс учаскесіне үнемі бақылау жасау. 3. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-баптың 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын түсіндіру, көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқықтарын көрсету. 4. Көрсетілетін қызметті алушыларға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және дұрыс ақпарат ұсыну. БАҚ-та өзекті емес немесе қате жарияланымды орналастыруға жол бермеу.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде қағазбастылық пен бюрократизм фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкімет» порталын танымал ету үшін БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы халықты хабардар етуді жүргізу).

 

 

 


 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Есеп

Сейчас читают

Мақалалар
09 октября 2026
Архив ісі, әкімшілік-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету
Мақалалар
09 октября 2026
Цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні және инновациялық жобаларды дамыту
Мақалалар
09 октября 2026
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жобалық басқару

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы