Ақмола облысы 2025–2030: цифрлық болашаққа қадам
Өңірде Цифрлық трансформация картасы мен 2025–2030 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясы бекітілді. Бұл – заманауи технологиялар облыс тұрғындарының өмірін және экономиканы қалай өзгертетінін айқындайтын бірыңғай даму жоспары.
Негізгі бағыттар
• Бірыңғай цифрлық инфрақұрылым: барлық елді мекендерге жоғары жылдамдықты интернет, Өңірді басқару орталығы, цифрлық Бас жоспар және бірыңғай деректер қоймасы (Data Lake).
• Салаларды цифрландыру: денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология салалары дрондар, IoT, AR/VR және зияткерлік жүйелерді пайдалана отырып дамиды.
• Data-Driven Governance: шешімдер аналитика негізінде қабылданады — көлік қозғалысын, экологияны бақылаудан бастап, экономика болжамына дейін.
• IT-экожүйе және инвестициялар: стартаптарды қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен венчурлық бағдарламаларды дамыту, отандық шешімдерді енгізу және халықаралық серіктестерді тарту.
• Жасанды интеллект: 2030 жылға қарай AI мемлекеттік қызметтер, медицина, білім және АӨК салаларының бөлігіне айналып, сервистердің жекелендірілуін және тиімділігін арттырады.
• Цифрлық сауаттылық пен киберқауіпсіздік: халық пен бизнеске арналған оқыту бағдарламалары, сондай-ақ деректерді қорғау және мониторингтің сенімді жүйелері.
Басты мақсат
Жекелеген шешімдерден бас тартып, өмірді қолайлы, бизнесті қуатты, өңірді басқаруды ашық әрі тиімді ететін бірыңғай цифрлық экожүйеге көшу.
2030 жылға қарай Ақмола облысы – адамдарға, бизнеске және келер ұрпаққа қызмет ететін технологиялар тоғысқан инновациялар мен цифрлық мүмкіндіктер аймағына айналуы тиіс.