Меню

Страницы

Статья

Интернет және байланыс

Интернет және байланыс
 
Ақмола облысындағы цифрлық трансформацияның негізгі тіректерінің бірі — телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. Жоғары жылдамдықтағы әрі тұрақты интернет — цифрлық сервистердің, электрондық үкіметтің, қашықтан білім берудің, цифрлық медицинаның, бизнесті қолдаудың және мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуінің міндетті шарты.
 
Ағымдағы жағдай (2024 жылдың соңына қарай):
•Ақмола облысындағы елді мекендердің 85%-ы кеңжолақты интернетке қосылған;
•Оптикалық-талшықты байланыс желілері (ВОЛС) белсенді дамуда;
•Көкшетау қаласында 5G желісі іске қосылды: 16 базалық станция орнатылған, 2027 жылға қарай олардың саны 46-ға жетеді деп жоспарлануда;
•Көкшетау – Астана тас жолы бойын жаңа буындағы ұялы байланыспен толық қамту жұмыстары жүргізілуде.
 
Негізгі міндеттер:
 
1. Облыс аумағын интернетпен толық қамту
•Елді мекендердің 100%-ын кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету;
•Қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою;
•Қиын қолжетімді аудандар үшін спутниктік технологияларды (оның ішінде Starlink) қолдану.
 
2. Ұялы байланыс желілерін дамыту
•4G/5G желісін өңір бойынша кеңейту;
•Желілердің өткізу қабілетін және тұрақтылығын арттыру;
•Байланыс операторларымен бірлесіп, жабдықтарды жаңғырту және жаңа базалық станциялар салу.
 
3. Шағын байланыс операторларын қолдау
•Телекоммуникациялық қызметтер нарығында бәсекелестікті ынталандыру;
•Ауылдық жерлерде желілерді дамытуға арналған субсидиялар мен гранттық бағдарламалар енгізу;
•Қашықтағы аудандарды қосуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды азайту.
 
4. Цифрлық сервистермен ықпалдасу
•Мектептер, ауруханалар, мемлекеттік мекемелер мен бизнес үшін байланыс сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз ету;
•Электрондық мемлекеттік қызметтер мен платформаларға қолжетімділікті жеңілдету.
 
Инфрақұрылымдық басымдықтар:
•Оптикалық-талшықты желілерді кеңейту: барлық әкімшілік орталықтар мен әлеуметтік нысандарды қосу;
•Деректерді өңдеу орталықтарын (ЦОД) салу: маңызды сервистерді өңірде орналастыру арқылы сыртқы платформаларға тәуелділікті азайту;
•Инфрақұрылымды цифрлық аудиттен өткізу: байланыс сапасын аймақтар бойынша тұрақты түрде есепке алу және талдау.
 
2030 жылға дейінгі мақсатты көрсеткіштер:
•Жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылған елді мекендердің үлесі — кемінде 98%;
•4G/5G базалық станцияларының саны — 2024 жылғы деңгейден 2 есе артады;
•ВОЛС-қа қосылған мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің үлесі — 100%;
•Мониторинг нәтижесінде анықталған байланысы тұрақсыз нүктелердің 100%-ы шешіледі.
 
Күтілетін нәтижелер:
•Халықтың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру;
•Қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты қысқарту;
•Экономика, білім, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларын цифрландыру үшін тұрақты технологиялық негіз құру;
•Халық пен бизнестің цифрлық қатысу деңгейін көтеру.
Дата публикации
17 июня 2025
Дата обновления
19 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
09 октября 2026
Архив ісі, әкімшілік-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету
Мақалалар
09 октября 2026
Цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні және инновациялық жобаларды дамыту
Мақалалар
09 октября 2026
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жобалық басқару

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы