Цифрлық сауаттылық
Ақмола облысының 2025–2030 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясы аясында цифрлық сауаттылық — бұл цифрлық технологияларды күнделікті өмірде, кәсіби қызметте, білім беру саласында және мемлекеттік басқаруда қауіпсіз әрі тиімді пайдалану үшін қажет негізгі және қолданбалы дағдылар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Халықтың, мемлекеттік қызметшілер мен бизнес өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру — стратегияның басым бағыттарының бірі. Бұл — цифрлық шешімдерді табысты енгізудің, мемлекеттік онлайн-сервистерді пайдаланудың, ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарты.
Цифрлық сауаттылыққа не кіреді?
•Компьютерлік және мобильді құрылғылармен жұмыс істеудің базалық дағдылары;
•Интернет-сервистерді, цифрлық платформалар мен онлайн-қосымшаларды сенімді пайдалану;
•Жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік негіздерін білу;
•Жаңа технологиялар мен цифрлық құралдарға бейімделу және оларды меңгеру қабілеті.
Цифрлық сауаттылықты арттыру жолдары:
•Халықтың түрлі топтарына арналған оқыту бағдарламаларын енгізу;
•Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
•Білім беру үдерісіне цифрлық платформаларды интеграциялау;
•Киберқауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Цифрлық сауаттылық — цифрлы қоғамда толыққанды өмір сүрудің, жұмыс істеудің және дамудың маңызды шарты.