2022 жылға арналған Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі — басқарма) басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың (мемлекеттік архивтердің) көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер енгізілген. Облыс бойынша қызмет берушілердің жалпы саны 21.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат
— Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік архивтер 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара)/қағаз нысанда көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің саны 20812 құрады:
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 5085;
– веб-портал арқылы www.e.gov.kz– 6320; – Қызмет берушінің кеңсесі арқылы (мемлекеттік ахивтер) – 9407.
Басқармада және мемлекеттік архивтерде «e-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 21 бұрышы орнатылған.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты басқарманың және мемлекеттік архивтердің (21 архив) стендтерінен алуға болады. Мемлекеттік архивтердің сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Басқарманың және мемлекеттік архивтердің қызметі туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша 303 іс – шара өткізілді:
1) семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» – 187; 2) мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерінің БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сөз сөйлеуі – 38; 3) әлеуметтік желілерде: Instagram, Facebook, Вконтакте – 78; 4) теледидарда – 7.
1) 2022 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
2022 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 6320 мемлекеттік қызметі көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2022 жылы облыс мемлекеттік архивтерінің 53 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы архивтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы Ақмола облысының мемлекеттік архивінде, Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінде, Астрахан ауданының мемлекеттік архивінде, Атбасар қаласының мемлекеттік архивінде, Бұланды ауданының мемлекеттік архивінде, Атбасар ауданының мемлекеттік архивінде, Зеренді ауданының мемлекеттік архивінде, Жақсы ауданының мемлекеттік архивтерінде 8 бақылау іс-шаралары өткізді. Іс – шараны өткізу мақсаты-мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Тіркеу журналдарына, берілген архивтік анықтамаларға олардағы ақпараттың бастапқы құжаттарға сәйкестігіне, сондай-ақ жауаптардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізілді. «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін орындау мерзімдерінің бұзылуын және мәліметтердің сәйкес келмеуін тексеру барысында тексерілген архивтік анықтамаларда анықталған жоқ.
Тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік архивтердің директорлары мен мамандарына ұсынымдар берілді:
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде қағазбастылық пен бюрократизм фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкімет» порталын танымал ету үшін БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы халықты хабардар етуді жүргізу).
Есеп - жүктеп алуға арналған файл