Сараптаушылар, Астана қаласында этносаралық «араздық тілін» еңсеру бойынша QazNetEtiquette этикалық кодексінің тұсаукесерін өткізді.
«Бұл құжаттың өзектілігі, ең алдымен, Қордай оқиғаларынан, Пиджим ауылындағы оқиғалардан туындады және бүгінгі таңдағы Ресей мен Украина арасында жүріп жатқан соғыс кезінде одан сайын өзектендірілді және қазақстан жұртшылығы бұл үдіріске амалсыздан белсенді қатысуға тартылды. Осыған байланысты, қазақстандық қоғам аса саясаттандырылған. ( ... ) Аудитория көбінесе дұшпандық тілдің не екенін және оның түбінде қандай салдары болуы мүмкін екенін түсінбейді», – деді жобаның тұсаукесерінде, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының сарапшысы Игорь Братцев.
Ұсынылған Кодекс ұлтараздық дау-дамаларды болдырмау мен араздық тілінің таралуына жол бермеуін көздейтін, 10 әмбебап және кең ауқым жұртшылыққа түсінікті апараттық кеңістіктегі тәртіп қағидаларынан тұрады.
MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Әділ Жәлелов айтқандай, QazNetEtiquette кодексі нормативті актісі немесе заңы бола алмайды. Бұл, ең алдымен, Қазақстан мен Орта Азияда әлі күнге дейін дамымаған, алайды, әртүрлі желілік ауысдастықтарда пайдаланатын, тиімді құрылғы бола алатын, өз өзін бабына келтіру тетігі болып табылады.
Жоба, Конрад Аденауэр ат. Қорының Өкілеттілігінің қолдауымен және ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің демеушілігі негізінде MediaNet Халықаралық журналистика орталығының іске асырылуда.
ҚР АИДМ осы құжаттың ерекшелігі, халықаралық және қазақстандық құқық нормаларына негізделген, олар интернет кеңістігінде араздық дискурсының таралу қаупін, ксенофобия көріністерін және әлеуметтік желілердің ықпалының артуы жағдайында, адамдар арасындағы төзімсіздікті болдырмауға және азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, «QazNetEtiquette» Әдеп кодексі, қоғамның кең ауқымына арналған, ұсыныс сипатта берілген және ақпараттық кеңістікте этникааралық коммункациялар мәдениетін қалыптасуына, интернет пайдаланушылардың «араздық тілін» қолдануға жол бермеу мәселелерінде ой санасын арттыруына бағытталады. Онда «араздық тілдің» қол жетімді қарапайым анықтамасы, араздық дискурсын таратқаны үшін заңдылық пен моральдық айыптау шегі, адам құқықтары саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы мәліметтер және интернет-коммуникациялардағы қарым-қатынастың нақты ережелері (ұсынымдары) берілген.