2024 жылға Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы туралы

  1. Архив ісін дамытуды мемлекеттік реттеу

 

Облыстың архив мекемелерінің қызметі есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға, негізгі іс-шаралар жоспарының көрсеткіштерін, саланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің нұсқауларын орындауға бағытталды.

2024 жылы басқарманың архив бөлімінің қызметкерлері "Көкшетау қаласы Краснояр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Көкшетау қаласы Станционный кенті әкімінің аппараты" ММ, "Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ "Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Барап" орман шаруашылығы мекемесі " КММ, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық олимпиадалық резервті дайындау орталығы" КММ, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалы, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" РММ Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып 7 ұйымда профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізді.

Ағымдағы жылдың қазан айында цифрландыру және архивтер  басқармасымен Зеренді ауданының мемлекеттік архив базасында облыстың архив  мекемелері мен басқармалары қызметінің 2024 жылдың 9 айындағы қорытындысы бойынша мемлекеттік архив директорларымен көшпелі салалық кеңес өткізілді.

Облыстық мемлекеттік архивімен : "Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде анықталған Ақмола облысының тарихы бойынша архивтік құжаттар жинағы", "ОМА-де анықталған Ақмола облысының тарихы бойынша архивтік құжаттар жинағы", "Архив – тарих сақтаушысы" кітабы, Ақмола облысының мемлекеттік архивінің қорлары бойынша нұсқаулық (толықтырылған 3-ші басылым), "Соғыс. Жеңіс.Естелік" архивтік құжаттар жинағы, "Естелік кітабы. Ақмола облысындағы саяси қуғын – сүргін (1919-1954 ж.ж.) (4 млн. 112 мың теңге сомасына) басып шығарылды.

Облыстық мемлекеттік архиві, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Есіл, Жарқайын және Сандықтау аудандарының мемлекеттік архивтері директорларымен  "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша онлайн — жәрмеңкелер өткізілді (баяндамалар басқарманың инстаграм-парақшасында орналастырылған).

Целиноград ауданының мемархивінің алаңының көбеюіне байланысты 702 мыңға темір сөрелер, Атбасар қаласының мемлекеттік архивімен – 558 мың теңгеге 16 темір сөре, Астрахан ауданының мемлекеттік архивімен – 300 мың теңгеге 5 сөре, Есіл ауданының мемлекеттік архивімен -620 мың теңгеге 15 сөре сатып алынды.  Атбасар қаласының мемлекеттік архивінде 1210 мың теңге сомаға бейнебақылау орнатылды.

Кешенді тексерулер жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бақылау іс-шараларын жүргізу үшін Степногорск қаласының, Бурабай, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград және Шортанды аудандарының мемлекеттік архивтеріне барып келу жүзеге асырылды.

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу

 

2025 жылдың 1 қаңтарына Ақмола облысының мемлекеттік архивтерінде сақталатын құжаттардың көлемі 5955 қордағы 1575326 сақтау бірлігін құрайды.

Есеп беру кезеңінде 6338 сақтау бірлігінің физикалық жай-күйі жақсартылды, оның 2123 қалпына келтірілді, жалпы көлемі 18333 парақ. 344 парақтағы өшіп қалған мәтіндерді қалпына келтірілді. Қағаз негіздегі 30598 істің (оның ішінде 9210 – ОЦД), 5222 фотоқұжаттың, 469 кино құжаттың бар-жоғы және физикалық жай-күйіне тексеріс жүргізілді.  43147 іс картондалды.

209 қордың есепке алу құжаттарының жиынтығы тексерілді, титулдық парақтары, тарихи анықтамалары қайта жасалды, карточкалар мен қорлардың парақтары қайта ресімделді.

 

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы. мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық мұрғаттарға ұйымдық-әдістемелік басшылық жасау.

 

Есептік кезеңде басқарма  СТК-ның  17 отырысы өтті, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектік, фотоқұжаттар, жеке құрам бойынша істер тізбелері, істер номенклатуралары қаралды. 

Бекітілген СТК істер тізімдемесінің көрсеткіштері29248 сақтау бірлігін құрады, оның ішінде тұрақты сақтау - 18155 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша – 10386 сақтау бірлігі, фотоқұжаттар — 298 сақтау бірлігі (407 ес.бір), жеке текті - 328 сақтау бірлігі (560 ес. бір), бейнеқұжаттар -81 сақтау бірлігі (92 ес. бір).

2024 жылы мемлекеттік сақтауға 17897 сақтау бірлігі келіп түсті, оның ішінде 11677 сақтау бірлігі басқарушылық құжаттамалар; жеке құрам бойынша – 5486; жеке тектік -329, фотоқұжаттар – 321, бейне -81, кино -3.

Құжаттарды құпиясыздандыруға байланысты мемлекеттік сақтауға ашық қолжетімділікке қабылдау жүзеге асырылды -203 сақтау бірлігі.

Ұлы Отан соғысының ардагері - С. Бектіміровтің; Насырова М. М. – Қаз СРО Еңбек сіңірген жерге орналастырушысы, еңбек ардагері - М.М.Насыровтың; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, техника ғылымдарының кандидаты, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы А. Г. Хасеновтың, Ш. Шәріповтың – Атбасар ауданының Еңбек ардагері, Еңбек ардагері, партия қызметкері В.О.Гартвигтің, Қазақстан Республикасының білім үздігі Л.Н.Субботинаның, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Н.И.Палагутиннің, К. М. Мақановтың – Егіндікөл ауданының Ұлы Отан соғысының ардагері, Е. М. Одмарькованың – тыл еңбеккері, тұңғыш тыңшы, еңбек ардагері; А. Б. Ілиясовтың - Зеренді аудандық кеңесінің төрағасы; Е. П. Горобцованың – тыл еңбеккері, Еңбек ардагері, тұңғыш тыңшы, «Құрмет» орденінің йегері Н.Д.Носачеваның жеке текті құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандары мен облыс мемлекеттік архивтерінің  қызметкерлерімен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар түрлі мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша 1599 кеңес берілді.

Толықтыру көздері болып табылатын мекемелерде нормативтік және әдістемелік құжаттар пакетін жинақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұйымдарда тұрақты жұмыс істейтін сараптама комиссияларын құру туралы басшылардың бұйрықтары шығарылды, ведомстволық архивтер мен сараптама комиссиялары туралы ережелер бекітілді (тиісінше 128 және 134).

Мемлекеттік архивтер қызметкерлерімен 270 істер номенклатурасы жетілдірілді және келісілді.

Мемлекеттік архивтермен толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар үшін іс жүргізу, істерді қалыптастыру және оларды ведомстволық сақтау сатысында сақтау, істер номенклатурасын жасау мәселелері бойынша 155 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткізілді.

Ай сайын облыс тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында облыстың барлық мемлекеттік архивтерімен "Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинарлар өткізіледі, есептік кезеңде 128 семинар өткізілді.

Ақмола облысының мемлекеттік архивтерімен 4323,7 мың теңге сомасында ақылы қызметтер көрсетілді, соның есебінен қораптар, кеңсе және шаруашылық тауарлар, техника, пошта маркалары, жиһаз және т. б. сатып алынды.

 

 

  1. Ақпараттық-іздеу жүйелерін құру.

Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

         

          Есепті кезеңде тұрақты сақталатын 18 сақтау бірлігінде, жеке құрам бойынша 206 сақтау бірлігінде істер тізімдемесі жетілдірілді; тұрақты сақталатын 1302 сақтау бірлігінде, 405 сақтау бірлігінде жеке құрам бойынша істер тізімдемелері қайта өңделді.

1006 бірлікте басқару құжаттарын каталогтау жүргізілді. 1591 карточка жүйелі каталогқа енгізілді.

Архив қорларын ақпараттандыруды арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.   "Көкшетау қалалық мемлекеттік нотариаттық кеңсесі" қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының дерекқорына 4000 шарт енгізілді- 74 бірлік.

Есепті кезеңде облыстың мемлекеттік архивтерімен 84826 сақтау бірлігі цифрлық форматқа ауыстырылды. – 4790811 парақ

"Еңбек ардагері" автоматтандырылған деректер базасына облмемархивпен 1200 тек енгізілді.

ҚазКСР Коммунистік партиясы Көкшетау облыстық комитетінің номенклатуралық қызметкерлерінің атаулы каталогын құру жұмыстары жалғасуда 600 іс каталогталды, 1000 карточка жасалды.

ЕЭАД  АЖ дерекқорына 298 қор атауы, 171 қор, 349 тізімдеме атауы, 887 тізімдеме, 72491 іс, 4010574 парақ енгізілді.

Мемлекеттік архивтер мәдени-ағарту қызметін атқара отырып, архив құжаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік архивтерің құжаттары бойынша 171 мақала, "Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша - 162 мақала жарияланды.

Облыстық мемлекеттік архивімен "Архивтен табуға болады", "Құжаттар баяндайды", "Тың самалы", "Жер тамырын дөп басқан дала академиясы", «Қазақ халкының қаһарман ұлы» мақалаларын жариялады; Көкшетау қаласының мемлекеттік архивімен "Әнші, ақын, композитор", "Мәңгілік естелік", "Осындай тағдыр құлады", «Қиындықпен еске түсіре», «Жеңіске салым», «Атауымен дәрігер»; Атбасар қаласының мемлекеттік архивімен "В. А. Свидзинскийді еске алу", "Өткенді сақтаушылар", «Соғыс батырлары»; Ақкөл ауданының мемлекеттік архивімен "Ештеңеге қарамай есте сақтау борышы", «Бұнда тарихты сақтайды»; Аршалы ауданының мемлекеттік архиві "Майдандағы өмір эпизоды", "Табиғи талант"; Астрахан ауданының мемлекеттік архиві "Таланттар кеші", "Үлкен күш", «Қазақстан – әлемнің рухани астанасы», «Ауылдық фельдшер»; Атбасар ауданының мемлекеттік архиві  "Архив өткен және қазіргі", "Есте сақтау және уақыт", "Жүргізуші бауырластығы";  Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві "Әйелдік, ақылды және жігерлі"; Бұланды ауданының мемлекеттік архиві  "Шаһар шежіресі мен көше атаулары жайында". «Естелік және уақыт», «Ащы жылдардың естелігі», Бар елге мағлұм болған Балуан Шолак»; Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві  "Жармұқанов Садық атамыздың туғанына – 100 жыл", "К. М. Мақановтың туғанына 100 жыл", «Тыңға 70 жыл», «Мемлекеттік қызмет»; Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві "Мұнда ерекше шыныққан адамдар"; Есіл ауданының мемлекеттік архиві «Архив құжаттарын парақтай отыра.."; Жақсы ауданының мемлекеттік архиві "Наурыз - бірліктің мерекесі", "Балаларды қорғау күні"; Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві "Жақсылық жасауға асығамыз", «Өткен естелікті сақтау», «Қазақстан құрдасы»; Зеренді ауданының мемлекеттік архиві "Ол жеңісті жасады", "Тың құжаттар беттерінде" «Ән – өмірдің серігі"," Бекишевтің 7 наградасы"," Ақталмаған араздықтың құрбаны"; Қорғалжын ауданының мемлекеттік архиві "Ұлт өнері мен мәдениеттінде өзіңдік орны бөлек Рабиға апамыз 110 жаста", "Өнер тарихында аты өшпес тұлға", «Осының бәрі сол туралы»;  Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві "Жылы кездесу", "Тың эпопеиясы – болашақтың бастауы"; Шортанды ауданының мемлекеттік архиві "Шортанды кентіне 95 жыл", "Бозайғыр колледж-мектеп-интернатына 80 жыл".

Облыстық мемлекеттік архивпен "Көкшетау бүгін" газетінде «Бірінші басшылар» айдары жүргізіледі - 70 мақала.

Есепті кезеңде облыстық мемлекеттік архивімен «Көкше ақпарат» бағдарламасында "Тың желі"  және "Жеңіспен соғыс аяқталды",  «Архив – тарих сақтаушысы» ашық есік күніне репортаж жаңалықтарындағы фотоқұжаттық баяндамалары туралы 5 сюжеттер жарық көрді, «Елге қызмет» бағдарламасында Зеренді ауданы мемлекеттік архивінің  директоры Кokshe арнасында "Ашығын айтайық " бағдарламасына мемлекеттік архивтің жұмысы туралы сұхбат берді.

"Ақмола облысы архив құжаттарында" тұрақты жұмыс істейтін көрме бойынша 11 экскурсия өткізілді (238 адам).

Облыстың мемлекеттік архивімен тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған "Тың желі"; әйелдерге арналған "Киындыққа сынбаған асыл жандар"; "Көкшетау облысының құрылғанына 80 жыл", «Жеңіспен соғыс аяқталды», «Нар тұлға» фотоқұжаттық көрмелерін дайындап, өткізді.

Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві – «Көкшетау қаласына 200 жыл», "Өткен жылдар туған жерге".

Степногорск қаласының мемлекеттік архиві - "Бейбітшілік пен достық мерекесі",  "Біз бұл қорқынышты жылдарды әрқашан есімізде сақтаймыз", "Степногорск-60 жыл", «Менің елім Қазақстан»

Аршалы ауданының мемлекеттік архиві - "Бас әріппен жазылған адам", "Мұның бәрі қалай басталды", «Бәрін атымен білеміз».

Астрахан ауданының мемлекеттік архиві – "Архив -бұл қағаз қоймасы емес".

Атбасар ауданының мемлекеттік архиві - "Біздің өлкеміздің тарих беттері бойынша", «Ашық қоғамға – ашық архивтер».

Біржан сал ауданының мемлекеттік архиві – "А. А. Шабановтың туғанына 105 жыл", «Жеңіс күні», «Смағұлов Қазбектің 85 жылдығына», «25 қазан – Республика күні» .

Бұланды ауданының мемлекеттік архиві - "Біздің өлкеміздің тарих беттері бойынша", "Бір қордың тарихы".

Бурабай ауданының мемлекеттік архиві - "В.М. Смирновқа. - 60 жыл", «Соғыс батырлары».

Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві - "Егіндікөл ауданының Ауған соғысының ардагерлері", «Ешкім ұмытылмаған, ештене ұмытылмайды» «Қазақстан Тәуелсіздігінің құрылуы».

Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві - "Ұлы Отан соғысының ардагері И. А. Атығаевтың жеке текті қорының web галереясы", «Туған өлкесін мақтан тұтатындар туралы».

Есіл ауданының мемлекеттік архиві – "Ер-ел есінде", «Ауданның даму тарихы».

Жарқайың ауданының мемлекеттік архиві - "Жарқайың ауданының тарихы архив құжаттарында".

Зеренді ауданының мемлекеттік архиві - "Ауғанстан Республикасынан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл", "Тыңның 70 жылдығы", "Қ.Рахымжанованың 75 жылдығы", Тарихи естелік – болашаққа жол», «Оның атымен көшелер аталған», «Аңыз адам», «Тарихи естелік – болашаққа жол».

Қорғалжын ауданыныңң мемлекеттік архиві – «Жеңіс сарбазы», «Тарих біз үшін, біз тарих үшін».

Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві (16 көрме) - "Бұрынғы ұмытылмас беттер"," Туған жерің туралы", "Менің өлкем-менің мақтанышым", "Жүректің шақыруы бойынша", "Тың жерінде совхоздар өсті", "Тың-бұл біздің тарихымыз", "Жұмақта болғандардың көзімен", "Ауданда соғыс болған жоқ, бірақ біз оның отымен ұрындық", "Сенің жерлестерің ерліктерімен даңқты", «Болашақ туралы ойлармен өткенді сақтаймыз», «Өткен туралы болашақ үшін».

Целиноград ауданының мемлекеттік архиві - "Архив құжаттарындағы Қараөткел ауылының тарихы", "Тыл майданға", "Біздің жадымызда Қажымұқан", «Тәуелсіз елдің ертені».

Шортанды ауданының мемлекеттік архиві- "Шортанды ауданы-өткені және қазіргісі", «Өткенге саяхат», «Еңбек арқылы жетістікке жол».

Барлығы 93 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Мемлекеттік архивтердің сайттарында "Электрондық көрмелер" айдары ашылды, онда фотоқұжаттар көрмелері және "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы бейнероликтер орналастырылған, бұл сайтқа кірушілерге архив жұмысымен онлайн режимінде танысуға мүмкіндік береді. 2024 жылға мемархивттердің сайттарына кіру 75661 адамды құрады.

Оқушылардың облыс тарихы туралы білімдерін кеңейту мақсатында "Жас зерттеуші" клубының мүшелерімен "Жас экскурсовод"конкурсы, «Білімді жастар - ел болашағы», «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» және «Ана тілім - ардағым!» дөңгелек үстелдері өткізілді. Оқу жылының соңында клуб жұмысының қорытындысы шығарылып, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.

          "Архив және болашақ ұрпақ" республикалық жобасы аясында барлық мемлекеттік архивтермен архив қоймалары бойынша дәріс-сабақтар мен экскурсиялар өткізілді, қамтылуы 589 оқушы мен студентті құрады.

Облыстық мемлекеттік архиві жазушы, драматург С. Н. Жүнісовтың туғанына 90 жыл толуына және Көкшетау қаласының құрылғанына 200 жыл толуына арналған "Көкшетау-Жер жұмағы" 2 дәріс өткізді; Ленинград блокадасы проректорларының 80 жылдығына арналған "Ленинград үшін шайқас"; Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасының аумағынан шығарылғанына 35 жылдығына "Ауған жауынгерлері"; Алғыс айту күніне "1 наурыз-Алғыс айту күні"; Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына "Дархан даланың дара тұлғасы" студенттер мен оқушыларға 4 тарих сабағын өткізді.

Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві "Көкшетау қаласына 200 жыл", «Ерлік пен даңқ беттері», «Адамның жақсылығы ұстаздан» атты дәріс-сабақ өткізді.

          Атбасар қаласының мемлекеттік архиві АИК колледжінің студенттерімен "Атбасар қаласының тарихы" тақырыбында экскурсия өткізді.

Степногорск қаласының мемлекеттік архиві архив қоймалары бойынша 8 экскурсия өткізді.

Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві студенттер мен оқушылар үшін "Ақкөл жеріндегі тың", "Кіші Отан тарихы - Ақкөл ауданы", Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов – Кеңес Одағының батыры»  тақырыбында студенттер мен оқушыларға  "дөңгелек үстелдер" өткізді.

Аршалы ауданының мемлекеттік архиві архив бойынша экскурсия және оқушылармен "Барлығын есімдерімен білеміз"атты сабақ өткізді.

Астрахан ауданының мемлекеттік архиві "досыңа рахмет" челленджімен Алғыс айту күніне арналған сабақ өткізді, оның барысында балалар сыныптастарына алғыс сөздерін айтты; Социалистік Еңбек ері Ж. Асаиновтың 105 жылдығына арналған тақырыптық сабақ, "Архив тарихына шолу"экскурсиясы

Атбасар ауданының мемлекеттік архиві "Қазақстанның болашағы жастардың қолында", «Біз мамандықта кездейсоқ адамдар емеспіз» атты сабақ және экскурсия өткізді.

Бұланды ауданының мемлекеттік архиві — "Құжаттардағы туған өлке тарихы" сабақ-дәріс, "Бұланды ауданы Ұлы Отан соғысының жылдары", "Аңыз адам", "Азалы жылдар жаңғырығы", "дөңгелек үстелдер" "Рәміздерім-мақтанышым".

Бурабай ауданының мемлекеттік архиві – "Архивтер – балаларға" педколледж студенттеріне экскурсия.

Егіндікөл ауданының мемлекеттік архиві - жерлестері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері К. Мақанов пен С. Жармұхановтың 100 жылдығына, Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына 4 экскурсия, 2 сабақ және 1 "дөңгелек үстел".

Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві - "Заман мен адамдар", «Ауданның архив мұрасын сақтаушылар» экскурсиясы және "Өмір тарихына жол", «Ерейментау ауданының Социалистік еңбек Ерлері» сабақ.

Жарқайын ауданының мемлекеттік архиві – архив бойынша 2 экскурсия және «Қандай мамандықты мен таңдаймын» ашық сабақ.

Зеренді ауданының мемлекеттік архиві - "Тыңның 70 жылдығы", "Оның есімімен көше аталды". Архив директоры "Қуғын-сүргін жылдарындағы Зеренді ауданындағы лагерьлер"атты баяндама жасады.

Сандықтау ауданының мемлекеттік архиві "Олардың тағдыры аудан тарихына тиесілі" архивтік қонақ бөлмесі, "Архив сөрелеріндегі аудан тарихы", "Өткен уақытқа саяхат" 4 экскурсиясы және 3 сабақ, "Менің Отанымның басталуы", "Сен Туған жер туралы", "Тарих ақиқаты: естелік және ауырсыну"дәрістерін өткізді.

Целиноград ауданының мемлекеттік архиві - "Тың игеру кезіндегі демография" дөңгелек үстел, "Архив" ұғымы және архив құжаттарымен жұмыс" сабағы, «Архив деген не», «Колхоз егістігінің батыры» 3 экскурсия.

Барлығы 2024 жылы 75 экскурсия, 69 сабақ, 17 дөңгелек үстел өткізілді.

Ұйымдар мен азаматтардың сауалдарын уақытылы және сапалы орындау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Барлығы 22615 сауал орындалды: 205- тақырыптық (оның 148 - оң); 22318 - әлеуметтік-құқықтық сипаттағы (оның 12509 - оң), 92 — генеалогиялық (оның 37- оң). 3261-теріс (тақырыптық-47, генеалогиялық-42, әлеуметтік - құқықтық — 3172), 3541 — бейінді емес (тақырыптық — 10, генеалогиялық- 13, әлеуметтік - құқықтық-3518).

Мемлекеттік қызметтер (21685) ХҚКО арқылы — 1411 (6,5%), "электрондық үкімет" порталы арқылы - 11089 (51,1 %), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы — 9185 (42,4%) көрсетілді. Оның ішінде ҚР резиденттері-16454 мемлекеттік қызмет (1411 — ХҚКО, 11089 - ЭҮП, 3954 — көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы), ҚР резиденттері емес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы — 5231.

Есептік кезеңде барлығы 158 зерттеуші, 347 келуші тіркелді, жұмыс істеу үшін 140780 сақтау бірлігі, оның ішінде оқу залына жұмыс істеу үшін 2736 сақтау бірлігі,  126 - уақытша пайдалануға, 137918 — архившілерге сауалдарды орындау үшін берілді. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: "Ақмола өңірінің көлік инфрақұрылымын дамыту тарихы", "Қоғамды жаңғырту контекстіндегі қазақ ұқсастығы (Қазақстанның солтүстік өңірлерінің мысалында)," ұжымдастыру кезеңіндегі Солтүстік Қазақстандағы жергілікті билік органдарының қызметі (1954-1965 ж.ж.)", "Ұлы Отан соғысының тарихы", " Уокешо бауырлас қаламен ынтымақтастық", " Флора Көкшетау қ.", "Желтоқсан оқығасы", "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 29-атқыштар дивизиясының тарихы", "19-аяғындағы 20 ғасырдың басындағы казак ауылдары", "19-20 ғасырлардағы Украина қоныс аударушыларының тарихы", "Архив құжаттарындағы 106-шы Ұлттық атты әскер дивизиясының тарихы", "Көкшетау қаласы мен Көкшетау облысының тарихы", елді мекендердің тарихы, генеалогиялық зерттеулер және т. б.

 

 

  1. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.

 

          Архив қызметкерлерінің іскерлік және кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылады, ай сайын аппараттық оқу сабақтары өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар өткізілді.

          Мемлекеттік архивтерінің директорлары аудан әкімінің аппараттық кеңесінде 2023 жылы атқарылған жұмыстар және 2024 жылға арналған алдағы жұмыстар туралы баяндама жасады.

          Облыстың барлық мемлекеттік архивтері "Наурыз мейрамын" мерекелеудің жаңа тұжырымдамасына сәйкес іс-шаралар өткізді.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша облыс мемлекеттік архивтерінде 7 "дөңгелек үстел" өткізілді.

          Басқарма архивтер бөлімінің басшысымен есепті кезеңде "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында іс жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша 26 дәріс оқылды.

          "Мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи жүйелері. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кәсіби дағдыларды (құзыреттерді) қалыптастыру" тақырыбы бойынша облыстың 12 мемлекеттік архив қызметкері біліктілігін арттырды.

          Ағымдағы жылдың қараша айында 15 мемлекеттік архив қызметкері үшін аттестаттау өткізілді: 1 мемлекеттік архив директоры, 1 бухгалтер, 13 маман. Барлық 15 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келеді, 13 - санатын көтерді: 11 қызметкерге екінші санат, 1 - бірінші санат, 1 - жоғары санат берілді.

          Архив ісінің қызметкерлері мен ардагерлерін әлеуметтік қорғау мәселелеріне көңіл бөлінуде.

 

       Қосымша: Ақмола облысының 2024 жылға қызметтің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері 3 парақта, 1 данада.

2024 жылға Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы туралы
Дата публикации
23 декабря 2024