Бос жұмыс орындары туралы ақпарат

Цифрландыру, байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау және дербес деректерді қорғау бөлімінің бас маманы

Жарияланды: 08.11.2024

Мәртебесі: Бос

Орташа жалақы 282693 тг.

Іріктеу кезеңі:

  1. Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 16.11.2024 - 18.11.2024

 

  1. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

21.11.2024 - 23.11.2024

  1. Сұхбат: 27.11.2024 - 27.11.2024

Лауазымдар тізіліміне сәйкес санат: D-O-4

Жалпы біліктілік талаптары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы цифрландыру, байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау және дербес деректерді қорғау бөлімінің бас маманы, D-O-4 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Білімге қойылатын талаптар:

Жоғары білім

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

 

Мамандық бойынша талап

Автоматтандыру және басқару (код=5В070200, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)

Аспап жасау (код=5В071600, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)

Ақпараттық жүйелер (код=5В070300, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (код=5В070400, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)

Информатика (код=5В060200, түрі=Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)

 

Функционалдық бағыты

Цифрлық даму (инновация), ақпараттық қауіпсіздік, байланыс

 

Функционалдық міндеттері

Интернетке кең жолақты қолжетімділік және байланыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру, сондай-ақ олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы, «Smart City» эталондық стандарты және инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған өзге де нормативтік құқықтық актілер шеңберінде іс-шараларды іске асыру; «Smart City» эталондық стандарты шеңберінде Инновациялық экожүйені құруды жүзеге асыру және цифрлық жобаларды енгізу; цифрлық жобалардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу және оларға техникалық тапсырмалар дайындау; цифрландыру саласындағы инновациялық экожүйені және «Smart City» эталондық стандартын дамыту бойынша Жол карталарын жасауға қатысады және оларды одан әрі орындауды іске асыру; қызметті үйлестіру және оларды уақтылы шешу мақсатында проблемалық мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардан ақпарат жинау; телекоммуникация және байланыс мәселелері бойынша ақпараттық-презентациялық іс-шараларды (форумдар, семинарлар, кеңестер) ұйымдастыру және өткізу; оқыту семинарларына, конференцияларына қатысу арқылы цифрлық технологиялар саласындағы тәжірибені, оның ішінде халықаралық тәжірибені зерделеу, облыста мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету; бөлім құзырына кіретін мәселелері жөнінде хаттарды, ұсыныстарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау; басқарма басшылығымен жүктелген өзге міндеттерді орындау. тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 09.11.2024 - 15.11.2024

* Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу рәсімдерінен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Бос жұмыс орындары туралы ақпарат
Дата публикации
13 ноября 2024