2023 жылдың бірінші тоқсанына Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы туралы

Облыстың архив мекемелерінің қызметі есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділ мемлекет, біртұтас ұлт, гүлденген қоғам" Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға, негізгі іс-шаралар жоспарының көрсеткіштерін, саланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің нұсқауларын орындауға бағытталған.

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Ақмола облысы цифрландыру және архив басқармасы базасында "Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету" тақырыбында шоқырланған семинары өткізілді, оған мемлекеттік архив қызметінің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, басшылар мен архившілердің біліктілік деңгейін арттыру,  сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 7 облысынан (98 қатысушы) мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлері қатысты.

Наурыз айында архив басқармасы бөлімінің қызметкерлері "Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізді.

Ақпан айында Ақмола облысы, Атбасар және Степногорск қалалары мемлекеттік архивтерінің директорлары, наурыз айында Ақкөл және Аршалы аудандары мемлекеттік архивтерінің директорлары "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша онлайн — жәрмеңкелер өткізді (барлық баяндамалар басқарманың инстаграм - парақшасында орналастырылған).

Архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Атбасар қаласының мемлекеттік архивімен 19 металл сөре сатып алынды.

Көкшетау қаласының, Степногорск қаласының және Атбасар қаласының мемлекеттік архивтері өздерінің 30 жылдығын атап өтті, бейнематериалдар, газеттерге мақалалар, көрмелер дайындалды, экскурсиялар өткізілді.

 

Есеп
Дата публикации
20 апреля 2023