«Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ -сі, ұтқырлы интернет пен байланыс қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты келесіні хабарлайды: Нұр-Сұлтан қ. маңындағы байланыс сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары аясында жылдың аяғына дейін «FWA» технологиясы негізінде сымсыз жоғарыжылдамдық интернетпен 18 базалық станциялары орнатылатын болады.
Жаңа технология радиодабылдарды пайдалануына негізделген, ал Интернет жылдамдығы орта есеппен секундына 30 дан 50 мегабитке дейін жете алады, өйткені «FWA» арнайы бөлінген жолағы бар, бұл, сымсыз үй интернетімен пайдалануға тек қана осы қызметтің абонеттеріне мүмкіндік беретін жиілік. Сондай-ақ, ұялы операторлар абонеттері басқа жиіліктерде болады.
FWA жобасын дамыту жоспарына сәйкес базалық станцияларды іске қосу кестесі бекітілген болатын (№1 кесте). Бүгінгі таңда, Қосшы қ. 3 БС іске қосылды, 15 – сайты бойынша құрастыру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 8 бойынша трансмиссия ұйымдастырылды және қыркүйектің аяғына дейін Теле2 ядросына қосылуы көзделіп отыр (2 кесте), фотоға сілтемелер №3 кестеде беріледі. Технологиялар бойынша бар сымды желелеріне қатысты жинақтау ақпараты № 4 кестеде көрсетілген.
Ақпаратты жүктеу
Ұялы байланыс дабылының сапасы мен кеңжолақты ұтқырлы Интернетке қосу мәселесіне қатысты сұрақтар туған жағдайда, «ҚР Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің өңіраралық байланыс инспекциясы» атына келесі ақпаратты жіберу керек: байланыс мәселесі пайда болған, абоненттік нөмірі туралы деректер, интернетке қосылған/шыққан соңғы күні мен уақыты, мәселенің басталуы мен мерзімделігі, мәселенің түрі.