Қалай тұтынушылар өз өтініштерін/шағымдарын e-tutynushy.kz жүйесі арқылы жібере алады?

Бизнес субъектісінің, сот алды дауды реттеу субъектісінің, сондай-ақ, мемлекеттік органның атына шағым жіберу бірнеше әдіс-тәсілдері бар.

Шағымдарға жасалған талдау көрсеткендей, дұрыстығын дәлелдеп, кәсіпкерлермен өз дау-дамаларын шешкісі келетін, сонымен қатар, кәсіпкерге жіберуі бірсыпыра уақыт алатындықтан шағым қалыптастыру рәсімі қымбатқа түсетіндіктен, осымен айналысқасы келетін тұтынушылары шамалы.

Осыған байланысты, 2021 жылғы қаңтардың 1-нен бастап, тұтынушылардың өтініштерін сапалы және жедел қарауға арналған e-tutynushy.kz Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі мәтін бойынша -БАЖ) іске қосылып жұмыс істейді.

Бұл, әр тұтынушы өзінің құқығы бұзылған туралы ұялы телефоннан немесе компьютрден www.e-tutynushy.kz сайтына кіріп, хабарлай алады. Тұтынушы, уәкілетті органға жүгінуден бұрын, өз мәселесін бизнес субъектісімен тікелей байланысып шешуге тырысу керек.  Егер, бизнес субъектісі қойылған талапқа 10 күн ішінде жауап бермей қойса,   тұтынушы, дау-дама мәселесі құзырына жататын, мемлекеттік органға жүгінеді.

Шағым, дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне жіберілген жағдайда, дауды қараудың негізгі мәні болып бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мен залалды өтеу болады. Заңнамалық талаптары бұзылған фактілері расталып, шағым мемлекеттік органға жіберілген жағдайда, оны қараудың негізгі мәні болып кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартуы болады.

БАЖ-да шағымды қалай орналастыруға болады? Ол үшін тұтынушы, сауда орнында (қызмет көрсету, жұмысты орындау орнында) www.e-tutynushy.kz басты бетінде өтініш беру үшін ұйымды таңдап, «өтінішті жіберу» бөліміне өтіп, содан кейін нысанды толтыру қажет. Өтініштерді берудің негізгі шарты-бұл, заңды тұлғамен тұтынушылық даудың туындағанын растайтын құжаттардың болуы.

Сонымен қатар, тұтынушы, кері байланыс жасау мақсатында Т.А.Ә., ЖСН, электрондық мекен-жайы мен телефонын көрсетіп, тіркелу тиісті.

Ал кәсіпкер қалай шағымды көре алады ? Ол үшін кәсіпкер, БАЖ тіркелу керек, бұл арқылы ол келесіге қол жеткізе алады:

  • тұтынушының шағымын тікелей алуға;
  • дауды, сыртттан ешкімді араластырмай-ақ, алғашқы деңгейінде кәсіпкерге де, тұтынушыға да әлдеқайда тиімді жол арқылы «осында және қазір» бейбіт жолмен шешіп, дер кезінде реттеу;
  • құқықтық сауаттылықты және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру.

Нәтижесінде, тұтынушы 10 күн ішінде өз бетімен мәселені шеше алады, тұтынушының заңды талаптарын қанағаттандыра алады. Егер, ол болмаған жағдайда, үдіріске автоматты түрде мемлекеттік органдар қосылатын болады. Ал бұл, өз кезегімен, басқаны қоспағанда бизнес үшін айыппұл төлеуіне айналады. Осыған байланысты, барлық кәсіркерлерді осы тұғырнамада тіркелуге шақырамын.  

Бүгінгі таңда, бизнестің әрбір субъектісіне QR-код түрінде бірегей сәйкестендірушіні беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол көрнетін жерде, мысалы, объектінің кіреберіс есігінде, ал дүкендерде – кассаның жанында орналастырылады. Егер, тұтынушы өз құқықтары бұзылды деп санаса, ол QR кодын сканерлейді, жүйеге кіреді және сатушыға, тұтынушыларды қорғаудың қоғамдық бірлестіктеріне және мемлекеттік органға шағымдану мүмкіндігі бар.

Естеріңізге саламыз, тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша мәселелеріне қатысты кеңес алу үшін Ақмола облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінің 8 (716 2) 50-51-22 «жедел желі» телефонына немесе келесі мекен-жайға:Көкшетау қ., Әуелбеков к-сі 117 6 кабинетке хабарласуға болады.

Сонымен қатар, Instagram (akmola.dzpp) мен Facebook (Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент) әлеуметтік желілерінде парақшаларымыз бар, сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша сұрақтарды Теlegram ботқа (@kzpp_bot. орналастыруға болады.

Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінің басшысы Занегина Светлана

 

Дата публикации
28 июля 2022