2022 жылдың жартыжылдығына Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы туралы

Облыстың архив мекемелерінің қызметі есепті кезеңде негізгі іс-шаралар жоспарының көрсеткіштерін, саланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің нұсқауларын орындауға бағытталды.

Ақпан айында цифрландыру және архивтер басқармасымен "Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша онлайн — жәрмеңке, ZOOM режимінде мемлекеттік архив директорларымен ағымдағы мәселелер, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері, цифрландыру бойынша 3 (үш) кеңес өткізілді.

Басқармамен  Ақмола облысының 2022-2026 жылдарға арналған атаулы және естелік күндерінің күнтізбесін дайындалды.

Мемлекеттік архивтердің материалдық базасын нығайту жалғастырылды. Атбасар қаласының мемлекеттік архивінде мемлекеттік архив ғимаратының дәлізіне ағымдағы жөндеу жүргізілді, экскурсиялар мен көрмелер өткізу үшін витриналар, толықтыру көздерімен оқыту семинарларын өткізу үшін проектор сатып алынды. Шортанды ауданының мемлекеттік архиві металл стеллаждарды сатып алды және орнатты.

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты мемлекеттік архивтер әлі күнге дейін "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесіне" енгізілмеуіне байланысты ақылы қызметтер жүргізілмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында кешенді тексерулер жүргізу және бақылау іс-шараларын жүргізу үшін Атбасар қаласы, Астрахан, Атбасар, Бұланды аудандарының мемлекеттік архивтеріне бару жүзеге асырылды.

2022 жылдың жартыжылдығына Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы туралы
Дата публикации
12 июля 2022