
Smart Ақкөл
Smart Ақкөл – Ақкөл қаласының цифрлық дамуына бағытталған жоба. Оның негізгі мақсаты – қаланы басқару жүйесіне және тұрғындардың күнделікті өміріне заманауи технологияларды енгізу.
Жоба аясында қалалық инфрақұрылымды мониторингтеуге, коммуналдық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыруға және туындаған мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер қолданылады. Жобаның түпкі мақсаты – заманауи технологияларды пайдалану арқылы қалалық ортаны тұрғындар үшін барынша жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы ету.