Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы No 159 бұйрығымен бекітілген Мұрағат ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес «Мұрағаттық анықтамаларды, көшірмелерді беру , мұрағаттық құжаттар немесе мұрағат үзінділері» Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатымен жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (мемлекеттік мұрағат);
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы.


