
Алексеев № 10 АШАКУ (1984 ж.);
Целиноград автомобиль транспорты техникумы (1989 ж.);
1989–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы (ІІО) қызмет:
Жол-патрульдік полиция инспекторынан Ақмола облысы ІІБ Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімшесінің бастығына дейінгі жолдан өтті (бөлімшені 2002 жылдан 2011 жылға дейін басқарды).
Полиция майоры шені берілген. Медалдармен және алғыс хаттармен марапатталған.
2011 жылғы желтоқсанда – «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 80-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты) ҚР ІІО-дан кезектен тыс демалыспен запаска босатылды.
2017 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ақкөл ауданының мемлекеттік архиві» КММ директоры.